
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ана тілі – қасиетті мұра
01.10.2022
Біздің мемлекеттік тіліміз, ана тіліміз осы тілді жасап келе жатқан халқымыздың өткені,
бүгінгісі, ертеңі. Қазақ тілі өзінің даласындай дархан, көңіліндей кең, халқымыздың
қасиетті қара домбырасының үнімен үндесіп жатқан тіл.
Қазақ сөзі қашанда даланың
қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Ана тіліміз - әкеміздің қанымен, анамыздың бесік тербеп салған әнімен бойымызға сіңген, туған халқымыздың небір асыл жәдігерлерін заманымызға жеткізген қастерлі тіл. Ана тіліміз - ұлтымыздың жан дүниесі.
Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің
болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын
тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы - ан сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
Халқымызға сан ғасыр арман боп келген тәуелсіздіктің ең басты тірегі, белгісі де - ана тіліміз, ұлттық мәдениетіміз. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, баға жетпес қазынасы мен байлығына балайды.
Оның себебі неде? Себебі, тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық
болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі.
Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі екенін ұмытпауға тиіспіз.Тас бұлақтың тұнығы да, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да, назды сұлудың нәзіктігі де, сахара даланың жазықтығы да қасиетті қазақ тілімізде!
Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы - отбасында ана
тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш-ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз.
Ғ.Қазалиева ,
Бұқар жырау ауданының ПБ
ІСКТ жетекші маманы