
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ана тілім - байлығым
13.08.2022
Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды.
Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, оны құрметтеу.
Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Біз қазақ деген ұлы халықпыз, тіліміз де, дініміз де тек қана өзімізге тән. Еліміздің іргесін шайқалтпай, босағасын берік ұстап тұрған осы біздің тіліміз бен ұлттық салт-дәстүріміз. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Өзі қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлеуге намыстанады, оған қоса тілімізді шұбарлайды. Ал бұл қазақтыққа жат нәрсе. Сонау қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларымыз осы тілімізді сақтап қалу үшін өз жандарын құрбан еткен. Қазір бәріміз бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ қолда бар асылымыз - тілімізді бағалай алмай жатырмыз. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді...» деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай, айрандай ұйыған береке-бірлігімізді сақтап, тәуелсіз Отанымыздың болашағын жарқын ету үшін тілімізді қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Сол себепті де өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!
Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен.
“Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз» деп айтқан болатын Мемлекет басшысы. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар өтуде. Алайда, жастар арасында, кейбір мекемелерде қазақ тілінің жайы ақсап тұр.
Менің ойымша тілге деген құрмет пен қамқорлық, оны өмірде қолдану мен қорғау басшыдан бастау алу керек. Егер өзіміз бен мемлекет басындағылар керек етпесе, мемлекеттік тіл кімге керек?
Сондықтан мемлекеттік тілді қолданып, елімізге адал қызмет етейік.
А.Байделдинова,
Ботақара кенті әкімі
аппаратының бас маманы