
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Заңда жарнамаға қатысты оң өзгерістер бар
09.07.2022
2021 жылдың 29 желтоқсанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңдарға қол қойды. Сол заңдардың ішінде көрнекі ақпаратқа қатысты заңға тоқтала кететін болсақ, заңда көптеген оң өзгерістер бар.
Заңды қабылдаудың мақсаты - деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес, теңтүпнұсқалы аудармасын (аутентичность) сақтап отырып жазу, «мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы» деген ұғым енгізу. Аударма мәтіндерінің қазақшасы мен орысшасының мағынасы бірдей болуы. Кейде көшедегі көрнекі ақпараттардағы, киім-кешектегі, азық-түліктердегі заттаңбадағы мәтіндерді көргенде езуіңе күлкі келеді. Мысалы: живой кефир - тірі айран, топленый вкус - қорытылған дәм; цыпленок табака - темекі тауық т.б.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 19-бабына еліміздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объектілердің атаулары мемлекеттік тілде және басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлетін. Мәселен, қаланың кіре берісінде Қарағанды деп, оның қасында Караганда, Теміртау (Темиртау), Ботақара (Ботакара) деп жазылып келсе, енді тек қазақша ғана жазылатын болады.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына енгізілген толықтыруларға сәйкес мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа да тілдерде орналастырылатынын жоғарыда айтып өттік. Қазақстан Республикасында қорғалатын, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында пайдаланылатын тауар белгілері өзгеріссіз жазылады. Енгізілген нормалар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың деректемелер мен көрнекі ақпараттарының жазу тілін (тілдерін) нақтылайды. Бұл ретте мемлекеттік емес ұйымдарға, атап айтсақ, кәсіпкерлік субъектілеріне бланкілерін, маңдайшаларын тек мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа да тілдерде орналастыруға таңдау құқығы берілген.
Бұл түзетулер мемлекеттік тілдің мәртебесіне сәйкес көрнекі ақпаратта міндетті түрде қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңға енгізілген бұл нормалармен орыс тілінің және басқа да тілдердің қолданылуына шектеу қойылмайды әрі міндеттемейді.
Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады. Алдағы уақытта «стоп», «крутой поворот», «ведутся дорожные работы» т.б. деп қойылатын белгілер тек қазақша ғана жазылатын болады. Бұл нормада «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын ратификациялау туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №236-ІV ҚР Заңында белгіленген норма басшылыққа алынды, яғни жол белгілеріндегі жазбалар ұлттық тілде немесе бір немесе бірнеше ұлттық тілдерде, бұдан басқа, егер тиісті Уағдаласушы Тарап мұны қажет деп тапса, басқа тілдерде, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде жазылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттарды, баға көрсеткішері, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде жазылатындығы туралы.
Бұл нормада көрнекі ақпарат түрлерінің қатары көпшілік орындарында жиі кездесетін ас мәзірі және нұсқағыш түрімен толықтырылып, көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде, қажеттілік болса, орыс және басқа тілдерде орналастыруға таңдау құқы беріледі.
Аталған Заң бекітілді. Ендігі біздің мәселе осы заң талаптарының орындалуын бақылау және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Егер сіз аудан аумағында заң талаптарына сай келмейтін жарнамаларды көрсеңіз, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жедел желісі 2-16-70 телефонына хабарласыңыз.
Жыл сайын тоқсанына бір рет «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға - сауаттылық!» атты облыстық айлық аясында аудан төңірегінде рейд ұйымдастырылады. Жұмыс тобы халыққа қызмет көрсету орталықтарына, аудандық ауруханаға, дүкендерге, асханалар мен кәсіпкерлік нысандарына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Рейд барысында кәсіпкерлік нысанындарына әдістемелік көмек көрсетіліп, ҚР «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау керектігі туралы ұсыным хаттар таратылады.
А.Мұратхан,
Бұқар жырау аудандық
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің
бас маманы