
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Бір кісідей ат салысайық
03.06.2022
Қазақ тілін дамыту - біздің басты міндетіміз. Ана тіліміз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін асыл мұрамыз. Қай уақытта болсын мемлекеттік тілдің өрісі кең де биік болады. Тілдік байлығымызды құрайтын, оны әрі қарай дамытатын халқымыздың бай тілінің қазынасы сарқылмасын деп тілейміз.
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» және «Көш жүре түзеледі», - дегендей, артта қалған жылдарға қарағанда тіліміздің деңгейі біршама сатыға көтеріліп қалды деп нық айта аламыз. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Алайда жастар арасында, кейбір мекемелерде қазақ тілінің жайы ақсап тұр. Соны көріп жүрегің қан жылайды. Бір жағынан, әлі күнге дейін орыс тілінің ырқынан шыға алмай жүргендігімізден болар.
Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Еліміз жетпіс жылдай Кеңес Одағының қарамағында болды. Ата-анамыз орыс тілін ұлықтады. Қазақ халқы өзінің тілін, ділін, тіпті салт-дәстүрін ұмытардай халге жетті. Дегенмен «сабақты ине сәтімен» деген. Еліміз сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Тіліміздің түп-тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек тәрізді.
Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс қағаздарының тілі. Қазақ тілі – өте бай көркем тілдердің бірі. Қазақ тілін оқып, дұрыс игеру – тіл мәдениетін меңгерудің жолы. Тіл мәдениеті тіл ұстартудың бір түрі. Қазақтың Қазақстаннан басқа жерде Отаны жоқ. Қазақ тілі - Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде тұратын қазақтардың да ана тілі деп білеміз.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің гауһары – қазақ тілі» дейді. Гауһар тілдің қадіріне жетіп, әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіретінімізге сеніммен қарап, сол үшін бір кісідей ат салысайық!
Ғ.Қазалиева,
Бұқар жырау ауданының ПБ ІСКТ
жетекші маманы