
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
29.01.2022
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Бүгінгі бізбен сұхбат құрып отырған – Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдар Әбкенұлы Оспанов.
- Айдар Әбкенұлы, тіл – адам баласының бойындағы баға жетпес байлығы болып табылатынын бәріміз білеміз. Күнпарағымызға 2022 жыл еніп, барыс жылының бірінші айын да аяқтауға жақынбыз. Жаңа жылда өткен жылдың қорытындысын жасайтын дәстүріміз бар, өткен жылы қандай маңызды жұмыстардың басы қайырылды, соған тоқтала кетсеңіз.
- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында - анахронизмге айналуға тиіс…” деген. «Қазақстан Республика-сындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысын орындау мақсатында аудандық 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 2020 жылғы 10 наурыздағы аудан әкімінің №12/04 қаулысымен бекітіліп, осы жоспарға сәйкес жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Ауданда мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру мақсатында нақты көрсеткіштерге қол жеткізіліп, жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.
- Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің іргетасын әрбір шаңырақта ата-ана қалайды. Жаңа туған баланы тербетіп, анасы мен әжесі бесік жырын айтса, барлық отбасы мүшелері шаңырақ астында ана тілінде сөйлесе, баланың тілі қанымен берілген тілмен шығады, ол ана тілінде сөйлеуге бейім болады. Көптеген ұлт өкілі мекендеп отырған ауданымызда мемлекеттік тілді жүзеге асыру үшін қандай шаралар қолға алынды?
- 2021 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 3060,0 мың теңге. Мемлекеттік тілді оқыту курсына - 1440,0 мың теңге, ағылшын тілін оқыту курсына - 720 мың теңге және «Бұқарекең жырлайды» аудандық, облыстық оқуларға - 900 мың теңге бөлінді, әлеуметтік тапсырыс – 300 мың теңге.
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2019 жылы - 90%, 2020 жылы -91%, 2021 жылы - 92% көрсетілген индикаторларға қол жеткізілді. Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2019 жылы - 20%, 2020 жылы - 20,5%, 2020 жылы -21% пайызды құрап отыр. Үш тілді меңгерген - қазақ, орыс, ағылшын - ересек тұрғындардың үлесі 2019 жылы - 14% , 2020 жылы - 16%, 2020 жылы - 18% көрсеткішке қол жеткізіліп отыр.
Осы көрсеткіштерге жету мақсатында 2011 жылдан бастап ересек тұрғындарға арналған тегін мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылып, бүгінгі күнге дейін 477 мемлекеттік және азаматтық қызметшілер қазақ тілін қарапайым, базалық және орта деңгейлерде меңгеріп шықты. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Ауданда ағылшын тілін жеделдетіп оқыту 2017 жылдан қолға алынып, А1 деңгейі бойынша 100 адам қамтылып, сертификат алды. Ұлттық құрам бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсына жыл сайын өзге ұлт өкілдері қамтылып отырады.
- Бүкіл әлемді әбігерге салған жұқпалы аурудан карантин уақытында барынша сақтық шаралары сақталуы керек. Ертеңге қалдыруға болмайтын жағдайда қолданған жұмыс тәсілдеріңізге тоқталып өтсеңіз.
- 2021 жылдың ІІ тоқсанында онлайн форматта мемлекеттік тілді оқыту курсынан 54 адам және ағылшын тілін 27 адам жеделдете оқыту курсынан өтті. 3 ай бойы тыңдаушыларға жалпы 120 сағат - аптасына 5 рет 90 минуттан дәріс берілді
Бұқар жырау ауданында 2021 жылдың 1 тамызынан бастап үнемделген қаржы есебінен 24 адамға қысқа мерзімді қазақ тілін үйрету курсы онлайн форматта ұйымдастырылды. Оған шағын және орта бизнес нысандарының қызметкерлері қамтылды. Ұлттық құрамы - қазақ - 6 адам, орыс - 12 адам, неміс - 3 адам, украин - 2, корей - 1 адам.
Өткен жылдың қыркүйек айында онлайн форматта қысқа мерзімді мемлекеттік тілді оқыту курсы этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтті. Оған 12 адам қамтылды. Ұлттық құрамына келсек, қазақ - 2 адам, орыс - 7 адам, литва ұлтының өкілі - 2 адам, кабардин - 1 адам. Қатысушы 36 адамға сертификаттар табысталды.
2015-2020 жылдар аралығында тестілеу нәтижелері қазақ тілін қарапайым (А1) деңгейде 42 адам, базалық (А2) деңгейде 202 адам, орта (В1) деңгейде 182 адам, ортадан жоғары (В2) деңгейде 53 адам және жоғары (С1) деңгейде 12 адам меңгергенін көрсетті.
- Айдар Әбкенұлы, осыдан бірнеше жыл бұрын Бұқар жырау ауданында іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі сын көтермейтін. Ұшқыр уақыт бір орнында тұрмайды, жаңару мен даму өз дегеніне көндіреді емес пе? Аудан мекемелерінің бүгінгі таңда осы салада қол жеткізген жетістіктері қандай?
- Іс қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекемелердің жалпы құжат айналымына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Оған аудан әкімінің аппараты және аудан әкіміне қарасты 13 бөлімдердің және 29 кенттік, ауылдық, ауылдық округтерінің әкімдік аппараттарының көрсеткіштері кіреді. Мониторинг нәтижесі 2020 жылы - 92%, 2021 жылы - 93% көрсетті. Жалпы құжат айналымындағы шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі көрсеткішінің төмендемеуі қатаң бақылауға алынды.
Ағымдағы жылдың қараша айында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан құрылған Бұқар жырау ауданында халыққа қызмет көрсету салаларында, кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша ақпараттық-мониторинг тобының мүшелері мемлекеттік мекемелерді аралап, әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік көмек көрсету барысында төмендегі кемшіліктер анықталды - құрылыс бөлімінде, жер қатынастары бөлімінде және ауыл шаруашылық бөлімінде барлық бұйрықтары екі тілде рәсімделсе, басқа шығыс хаттары, лауазымдық нұсқаулықтар, келісім шарттар орыс тілінде жасалған. Электронды құжатайналымда шығыс құжаттары мемлекеттік тілде деп бұрмаланған, шығыс хаттар орыс тілінде рәсімделген.
Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің негізгі қызмет бұйрықтары орыс тілінде рәсімделген, шығыс хаттарының басым көпшілігі орыс тілінде. Сонымен қатар, лауазымдық нұсқаулықтар, келісім шарттар орыс тілінде жүргізілген.
«Бұқар жырау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде де электронды құжатайналымда шығыс құжаттары мемлекеттік тілде деп бұрмаланған, шығыс хаттар орыс тілінде рәсімделген. Бөлім бойынша құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі - 56%.
Экономика және қаржы бөлімінде барлық бұйрықтар, лауазымдық нұсқаулықтар орыс тілінде жүргізілген, алайда алдағы уақытта бұл кемшіліктер түзетіліп, мемлекеттік тілге аударылатынын айтты.
Мемлекеттік актив және сатып алу, ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, тұрғын үй инспекциясы бөлімінде барлық құжаттар заң талаптарына сай рәсімделген. Электронды құжат айналымда шығыс хаттары екі тілде жүргізіледі.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттауды арттыру мақсатында әр тоқсан сайын «Бұқар жырау жаршысы» жергілікті басылымына тоқсандық медиа-жоспар құрылады. Сол жоспарға сай мақалалар жарияланып отырады. Жергілікті басылымда тіл саясатына қатысты 2019 жылы 64 мақала және 2020 жылы 68 мақала, 2021 жылы 45 мақала жарық көрді.
- Аудан тұрғындары мен қонақтарының көздеріне алыстан түсетін дүкендер атаулары, дәріханалар, шаштараздар, асханалар, көпшілік жиі баратын қоғамдық орындардағы жарнамалардың сауатты жазылуына қосып жатқан үлестеріңіз жайында айта кетсеңіз?
- Ауданда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабының талаптарына сәйкестендіру мақсатында 2021 жылы үш рет «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық» атты айлығы ұйымдастырылып, өткізілді. Айлық барысында шағын және орта бизнес өкілдеріне ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай рәсімделіп, орналасуы бойынша түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізіліп, ұсыным хат таратылды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан құрылған көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндері бойынша тегін консультациялық көмек көрсететін «Жедел желі» («Callcenter») 2-16-70 қызметі бар, оған жыл басынан бері 35 кәсіпкер жүгінді. Бұқар жырау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орындарында Қазақстан Республикасының тіл заңнамасы талаптарының қатаң сақталуы бақылауға алынған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы екі рет аудан әкімі орынбасарының қатысуымен ұйымдарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кәсіпкерлік субъектілерде ҚР «Тіл туралы», «Жарнама туралы» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңдарының нормаларын сақтауы бойынша кеңес өткізілді. Шараға 81 шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
- Сұхбатыңызға рахмет.
Сұхбатты жүргізген
Қ.Ахметова