taza-kaz

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді ұмытпа


06.11.2021

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен-күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.

Көп тілді білу – заман талабы. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», - деп Елбасымыз айтып өткендей, әлемдік ғылым тілін меңгеру - басты қажеттіліктердің бірі болып табылады.

«Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды. Елбасымыздың осы идеясы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Шетелде шығып жатқан өнімдерді, техниканы өз елімізде шығару үшін «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдауымыз қажет.

Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» десе, «Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың», - деп А.П.Чехов бекер айтпаса керек.

Тіл білген адам қор болмайды. Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. Сөз соңында айтарымыз, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте».

 

А.Муталяпова,

аудандық соттың судьясы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?