taza-kaz

Мәртебем – тілім


21.08.2021

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Қазақтың тіліндей әлемде бай тіл жоқ. Оның терең астары мен құндылығына қаныққан көңіл марқайып қалады. Қазақтың тілі – шексіз мұхит секілді, күллі әлемді қамтыса да бояуы кетпейді, әлемдік тілдермен теңестіре қалса, ноқтасын бермейтін ұлы тіл.

Қазақ тілі - ұлтымыздың мақтанышы, елдің айнасы. Ұлтымыздың асыл қасиеті мен тектілігін дәріптеп, жеткізуші де ана тілі. Тілдің беделі бір күнде қалыптаспайды. Тіл беделі – ұлт мерейі. Қазақ елі - әлемде жалғыз ғана ел. Әрбір отбасы – өз алдына бір кіші мемлекет. Адам өз ұрпағы үшін өмір сүреді, ұрпағымен мың жасайды. Әр жас тұлға тәрбиені алдымен отбасынан алады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің » деп ұлағатты ой саптау да уыз тәрбиенің ықпалының құнын байыптап береді. Жас бөбектер кеудесін тіктемей жатып, туған тілімен сусындаса, сол тілдің арқасында елдің тарихын, шежіресін, сөз киесін түсініп, ұлттық құндылықтардың бәрін естіп, көңіліне тоқып өседі. Сондай ортада есейген тұлға өз тілінің де, өзге тілдің де бағын аша біледі. Өзін жарылқаған ұрпақтың өзегі талмайды, сүйегі қатқанда алған тәрбиенің сіңімі болмайды. Қазақтың тілі – тектіліктің тұғыры, ол ұлттық намыс пен рухтың қайнар көзі. Өз тілін білмеген ұрпақ алыстан бақыт тапқанмен, түптің түбінде өз кемшілігі үшін өкінетін болады. Өйткені, көп нәрсенің байыбына барып зерделей алмайды.

Ана тілді жетік меңгермеген ұрпақ қазақы мінездің қадірін аяқ асты етеді. Ұрпақтың өмірлік танымы түбегейлі өзгеріп, адасқанын аңғармай қалатын тұсы осы. Туған елінің, өскен ортаның тектілігіне көзін жеткізе білген жан ешқашан аңғалдыққа жол бермеген болар еді. Ата тарихты айызы қанып жетік білген қаны таза әр қазақ «Мен қазақ болып туғаныма қуанамын», - деп мақтанышпен жар салып жатса, шіркін. Қазақ тілі дәл сондай сезімге лайықты тіл! Менің жүрегім үнемі осындай мақтанышпен соғады. Әр қазақ жалғызым деп ана тілін аяласа, елдің мәртебесі асқақтап, өсері көбейеді.

Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.Тіл ұлтпен-ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, бүгінгісін бажайлап, болашағын бағдарлауға жол ашты. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру сіз бен біздің қолымызда.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл меңгеруде, өз тілінде еркін сөйлеуде ата-ананың да рөлі ерекше. Әр ата-ана ананың ақ сүтінен дарыған тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің ешқандай қиындығы жоқ. Ана тілін - білмеген ақылы жоқ желік бас. Ана тілін - сүймеген халқын сүйіп жарытпас деген сөзде де терең мағына жатыр емес пе! Кей мекемелерде қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, ұстаз бен шәкірттің қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ. ...

К.Рамазанова,

«Үміткер ауылдық округі

 әкімі аппараты» ММ

бас маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?