
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қазақ тілін білу қандай керемет!
23.07.2021
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Алдымен, тілді білу деген не? Ол терең түсіну, мағынасын аша алу, сол арқылы қолданатын жерін білу, қолданылуына қарай айтар ойын, ниетін түсіну. Қазақ тілі әлемдегі сөздік қоры жағынан бай үш тілдің бірі. Әр сөздің бірнеше баламасы, болмаса бір сөздің бірнеше мағынасы бар және қолдануына қарай мағынасы өзгере береді. Міне, осыны жете түсінген сөздік қоры бай адам айтылған ойдың ішіне үңіле алады. Мысалы, аузы дуалы бабаларымның кешегі би, шешендердің айтқанын түсіну үшін ақыл-ой және білім керек. Бала күнімізде Бұқар бабамның айтқандарын, Абай атамның өлеңдерін жатқа оқығанмен түсіне бермейтін едік. Кейін білімің толығып, көргеніңмен естігенің арқылы санаң баи бастағанда түсіне бастадық. Иә, тек түсіне бастадық. Омар Жәлел сияқты талдап беруге біраз білім керек.
Қазіргі заман техниканың заманы, соған басымдық беру керек деген ұғым қалыптасты. Ол да керек шығар. Бірақ сол техниканы даму тіліне айналдыру біздің өзімізді техникаландырып кете ме? Кейбір техникалық оқу орнын бітірген керемет, таптырмайтын мамандар, атасы қазақ өзі де көзі қарақаттай қазақ бола тұра айтқаныңды ұқпай басын изерін, не шайқарын білмей тілін жұтып қойған адамдай екі көзі бақырайып, шарасыз күйде саған қарап тұрғанда жаның ашиды. Сол баланың атасы, бабасы тіріліп келіп, ұрпағының кім болғанын көрсе қандай күйінер еді деп ойлайсың. Әлем мойындаған қазақтың кемеңгер ақыны Мұхтар Шахановтың «Бабасымен ұрпағының арасында тіл арқылы көзге көрінбейтін жіп сияқты байланыс болады, ұрпағы бабасының тілін ұмытқан күні сол жіп, байланыс үзіледі» - деген керемет ойы бар еді. Олай болса қанша бала өз тамырынан ажырады десеңізші?
Абай атамды қайталап оқыған сайын бір жаңалық ашылады. Таң қалам! Неткен тереңдік?! Кешегі өткен билердің айтқан ойлары әлі күнге өзектілігін жоймаған. Сонда олар көріпкел ме, жұлдызшы ма?
Егер өмірде бір сұраққа жауап таппасаң шетелдіктерден іздеме, өзіңнің ата-бабаңның жазғандарын оқы, бәрінің жауабы бар ғажап дүниелер!
Біз өз ана тілімізді жетік білмегендіктен оқымаймыз, оқыған күнде тереңдей алмаймыз. Сол себептен бағасын білмей, шет елдің ғұламасына жүгінуге жақынбыз.
Әріге бармай-ақ қояйын. Американдық бір ғалым адамның барлық жағдайы жақсы, барлығы бар болып жұмыс істемей-ақ тамаша өмір сүрсе, қажеттіліктен қысылмаса адам санасы деградацияға ұшырап, ақыл-есінен айырылуы мүмкін екенін ғылыми дәлелдеді. Осы жаңалығы үшін «Нобель» сыйлығына ұсынған екен.
Ал менің Абай атам өз заманында:
Қарыны тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын, - деп бір ауыз өлеңге сыйдырып кеткен.
Қазақ тілін терең білу, оны түсіне алу адамды философ етеді. Ол дегеніңіз - бастысы қазақ тілін білу арқылы өмірдің мәнін түсінесің, ал өмірдің мәнін түсіну, дұрыс өмір сүру өмірдегі өз миссияңды білу дегенді білдіреді. Яғни, табиғатпен астаса өмір сүру өзіңді сол табиғаттың бір бөлігі ретінде сезіне алу. Өмірдің бір-ақ рет берілетінін, сынақ екенін сезіну, сол сезіну арқылы адами қасиеттерді бойыңда қалыптастыру, рухани биіктеу, дүниенің құлына айналмау. Осының барлығы біздің қасиетті ана тілімізде, мемлекетіміздің мемлекеттік тілінде жатыр. Сондықтан қазақ бауырым, қазақ тілін білу саған қандай қасиеттер беретінін түсін, өзіңді өзің таны, рухани жаңғыр!
А.Оспанов,
Бұқар жырау аудандық мәдениет
және тілдерді
дамыту бөлімінің
басшысы