taza-kaz

Сауатты жарнама – мәдениеттілік белгісі


29.05.2021

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Тіл – қоғамдық құбылыс. Қоғамның өзгеруімен бірге адамдар танымына да өзгерістер кіреді. Тіл мәдениеті ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қоғаммен бірге тілдің, сол тілді тұтынушылардың қарым- қатынас мәдениетін реттейді. Тіл мәдениеті тіл заңдылықтарын сақтау, ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар таза, әдеби тілмен сөйлеуге дағдылану, тілдік қарым қатынастағы әдеп пен нақтылықты, әсерлілікті, түсініктілікті талап етеді. Тіл мәдениеті нысанына мәтінді мәнерлеп оқу, өз ойын қисындылықпен байланыстыра алу, жазуда орфографиялық норма дағдыларын қалыптастыру талаптарын игерумен де анықталады.

Жалпы жарнама жасау, тарату, оларды орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңымен реттеледі. Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу және оларға тыйым салу болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама мемлекеттік тілде және орыс тілінде таратылатындықтан, жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауы тиіс.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, сондай-ақ оның қолданыс аясын кеңейтуде ерекше маңызға ие қозғаушы күштің бірі көрнекі ақпараттар мен жарнамалар екендігі белгілі. Қашанда көрнекі ақпараттар тіліндегі өріп жүрген қателер, сауатсыз, олақ аудармалар, сөздік қолданыстағы кемшіліктер тіліміздің көркемдігіне әсер етеді.

Жарнаманың арқасында әлемде көптеген түрлі ұлттық мәдениет туындады. Жер бетінде өмір сүруші әр халықтың мәдениеті, жеке шығармашылығы бар. Адамдардың бір-бірінен әлеуметтік-психологиялық жағынан ерекшеленгісі келеді, сонымен қатар, олар ұлттық қауымда қалыптасқан салт дәстүрді ұстауға тырысады. Дәстүрді ұстау әлеуметтік психологияның «біз» сезімімен анықталады. Дәстүрді сақтай отырып адамдар басқалардан ерекшеленгісі келеді, олар түрлі өзгерістерге әкелетін сән құрады.

 Ол адамның бірлескен іс-әрекетінің барлық түрінде көрінеді, олар күшті атақты адамдарға ұқсағысы келеді. Бұл көрініс жарнамада тереңірек сипатталған, алайда бұл мәдениетті зерттеуге де таныс. Қазіргі уақытта әлем туралы көзқарастар түрлі елдерде көрінетін өзара әрекет және өзара әсер туралы болжамдар жүйесін қарастыруды көздейді.

Шындығында алдымен көпшіліктің назарына көрнекі ақпараттар тіліндегі түрлі қателер, сауатсыз, олақ аудармалар, тілдік кемшіліктер түседі. Олардың қоғамдық санаға айтарлықтай әсер ететінін ескерсек, оның тілі де, сауаттылығы да заңнама талаптарына сай ресімделуі де маңызды екенін аңғарамыз.

 

С.Мырзабеков,

Ақбел ауылдық округінің

 бас маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?