taza-kaz

Тілдің тірегі - өзіміз


15.05.2021

Мемлекеттік тіл  - менің тілім

“Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті” демекші, тіл - ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: “Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады”, - деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.

Қазақстан Республикасы қазақ тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян. Тіл - мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы.

Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: “Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болуы. Ұлттың тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінен сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр.

Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ”, - деп тіл жайында терең толғанған екен. Ол - біздің тіл, биіктігімізді, ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арналған көрегендік сөз деп түсінгеніміз жөн.

Тіл - тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл - тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы.

 

М.Хунанбай,

Тоғызқұдық ауылдық округі

әкімі аппаратының

 бас маманы 



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?