taza-kaz

Ауданымызда насихат жұмыстары жалғасуда


21.05.2021

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Жетілдірілген әліпби жобасын халыққа таныстыру жұмыстары Бұқар жырау ауданында да белсенді түрде атқарылып жатыр.

Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан 2020 жылы карантинге байланысты 5 шара өткізілді.

Оның ішінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандарымен, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, ф.ғ.к. Б.Қалиевтің қатысуымен бірлескен шаралар ұйымдастырылды. Шараға жалпы 75 адам қамтылды.

Ауданымызда барлық іс-шаралар онлайн форматта өткізіліп жатыр. Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы  ауданымыздағы С.Торайғыров атындағы №1 қазақ орта мектебі және Ю.Гагарин атындағы мектебінің оқушыларына «Жаңа әліпби жобасымен танысамыз» атты танымдық сағат  тұрақты түрде өткізілуде. Ағымдағы жылы насихат жұмысына 160 адам қамтылды. Жұмыстар әлі де өз жалғасын табады.

Шараға қатысқан адамдар латын графикасына деген көзқарастарын өзгертіп, жаңа әліпбиге оң көзқарас танытуда. Жетілдірілген  әліпби жобасында біраз адамдар диакриттік белгілердің көптігіне, акутты әліпбиге үйреніп қалғандарын айтып қарсылық танытқан болатын. Алайда  практикалық тапсырмалардан кейін жазылым мен оқылым дағдылары қалыптасып, қатты қиындық тудырмайтынын түсінді. Әсіресе оқушылар қызығушылық танытып, белсенділік танытады.

Алдағы уақытта жоспар бойынша біршама атқарылатын іс-шаралар бар. «Көз қорқақ, қол батыр демекші», бастысы зейін салып, қол дағдысын қалыптастырса үйреніп кетуге болады. Бұл біздің болашағымыз үшін жасалған батыл да ізгі қадам екені анық.

 

А.Талап,

Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің

латын графикасына

 көшу бойынша

әдіскері



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?