
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
27.01.2021
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиев «Мың өліп, мың тірілген» деп жырлаған дана халқымыз сан ғасырлар бойы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірсе де, ана тілін - қазақ тілін, бай мұрасын саф алтындай сақтап, аса қадір тұтып бізге мұра етіп қалдырды.
Сондықтан, бүгінгі ұрпақ - біз ана тілімізді келешек ұрпақ үшін сақтап, жоғалтпай, оған қиянат етпей, аса қадір тұтуға тиістіміз.
Әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған ана тілімізде шұбарламай сөйлеп, оны қадірлеп, қастерлеу біздің басты міндетіміз! Өз тілін шұбарлау барып тұрған әдепсіздік, сорақылық, аяқ асты ету деп есептеледі.
Қазақ тілінде сөйлемейтін не шұбарлап сөйлейтін адам қазақилықтан, мұсылманшылықтан кенжелейді. Қазақ тілін білмей, ұлтжандымын, патриотпын деп айту артық сөз. Мұндайларды кездестіргенде Константин Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деп ашына айтқанымен толықтай келісемін.
«Тілімізді кіршіксіз таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз» деген ұлы ғалым Шоқан Уәлиханның сөзі бүгінгі бізге де тікелей қатысты. Демек, келешек ұрпақ, жалынды жастарымыз тек өз ана тілінде сөйлеуі тиіс. Ахмет Байтұрсынов та «Ұлттың ұлт болып сақталуы мен жоғалуына себеп болатын халықтың өзі. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп кесіп айтқан.
«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық!
Тоғжан Мырзақанова,
Калинин орта мектебінің
қазақ тілі және қазақ
әдебиеті пәнінің мұғалімі