
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ұлы дала тілі
19.09.2020
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Мемлекеттік тілді дамыту үшін «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасы жасалып, оны әзірлеу барысында бірқатар көп ұлтты шет елдердің тіл саясатын құқықтық реттеу тәжірибесі ескерілгені белгілі.
Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар мемлекеттік тілді ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыруға бағытталған. Мемлекеттік тіл саясатында өзекті мәселелерді шешу, мемлекеттік тілде жүргізілуіне баса мән беру, ономастика саласына, қазақ тілінде әзірленетін жарнамалардың сапасына көңіл бөлу, мемлекеттік қызметшілердің, әртүрлі әлеуметтік топтағы азаматтардың мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасау және өзге де маңызды шаралар бүгінгі таңда еліміз бойынша жүзеге асырылуда.
Президентіміздің соңғы жылдары қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,
жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші ұлттық рухани жаңғыруға жол ашты. Ұлттық жаңғыру бодандық заманда бордай тозған болмысымызды, ұлтанға түскен рухымызды тірілтуге бет алған жалпы халықтық қозғалыс тудырды. Соның арқасында осы соңғы жылдарда ұлттық мәдениетіміз әлемдік аренада белсенділік танытты, әдеби жауһарларымыз әлемнің 6 тіліне аударылды, тарихымызды түгендеген толыққанды киножобалар шықты, шет тілдерден ЖОО-на арналған 100 оқулық аударыла бастады.
Биыл бұл қозғалысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жариялаған Абайдың 175 жылдық, әл-Фарабидің 1150 жылдық, Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойлары іліп әкетіп жаңа белеске көтерді.
Тіл заңы қабылданған соңғы отыз жыл ішінде, әрине, атқарылған жұмыс та аз емес. Қазақ мектептерінің саны кеңестік кезбен салыстырғанда екі есе өсті. 2020 жылы бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндердің 89 пайызы қазақ мектебінің табалдырығын аттады. Балабақшалардың дені мемлекеттік тілге көшті. Эфирде қазақша хабарлардың үлес-салмағы артты. Тіл майданындағы бүгінгі ісіміз – ертеңіміздің кепілі. Яғни бүгінгі тіл тағдыры – ертеңгі ел тағдыры. «Қазақ тілі!» деп тақылдап отыруымыз содан. Өйткені Қазақстан – қазақ тілінің жер бетіндегі жалғыз Отаны.
Күллі қазақстандықтар үшін қазақ тілін білу – біріншіден біздің ұлттық бірлігіміздің кепілі. Ұлы Дала жаны – алтын сандық, қазақ тілі сол сандықтың кілті. Сол кілтке ие болғандар Ұлы Даланың рухани қазынасын ашады.
А.Уримхан,
Қушоқы кенті әкімі
аппаратының бөлім
басшысы