
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мемлекеттік тіл - барша қазақстандықтарға ортақ
14.10.2017
«Ниет болса, тілді үйрену қиын емес. Қазақ тілін еркін білуім өмірде көп көмегін тигізді», - деген Вадимнің сөздері жүрекке жылы тиді.
Өйткені Отанының тілін жақсы үйрену – әрбір ұрпақтың міндеті. Бұқар жырау ауданының ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің Ботақара кентіндегі учаскелік полиция инспекторы Вадим Николаевич Светличный Қазақстанда тұрып жатқан кез келген азамат ұлтына қарамай, мемлекеттік тілді білуі керек деп есептейді. Ал өзі бала кезінен қазақша үйренуге ден қойған екен. Қазақтың қара домалақтарымен бірге ойнап өскен орыс баласы тілді еркін меңгерген. Жан жары Гүлзираны да да қазақ қыздарының ішінен таңдапты. Екеуі Тимур атты ұл мен Диана атты қыз тәрбиелеп отыр.
- Вадим, тіл үйрену қиынға түскен жоқ па?
- Теледидар көріп, газет оқимын. Қазақ тілінен маған ешқандай қиындық жоқ. Жарым қазақ болғаннан кейін туысқандарым да қазақ. Екі балам бар. Өзім туып-өсіп, өмір сүріп жатқан елге деген құрмет мемлекеттік тілді меңгеруден басталады, - дейд Вадим.
Вадим Николаевич Светличный 1979 жылы Ульянов ауданының «Ақөре» ауылында дүниеге келіп, 1986 жылы Калинин орта мектебінің табалдырығын аттаған. Мектеп бітірісімен Ульянов кентіндегі жүргізушілер мектебінде оқып, кәсіпқой жүргізуші куәлігін алған. 1998 жылы жоғары білім алу мақсатында Қарағанды экономикалық университетінің заң факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 2002 жылы бітіріп, алғаш рет 2003 жылы Бұқар жырау ауданының аудандық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімшесінің Шешенқара ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы болып тағайындалады. Қазіргі уақытта полиция майоры Вадим Николаевич Светличный Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің Ботақара кентіндегі учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарып жүр. Осы аумаққа бекітілгенін учаскелік инспектор аумағындағы тұрғындарды түгелдей біледі десе де болады.
Барлығының тұрмыс-тіршілігі көз алдында және олардың әрқайсысы туралы мағлұматты жақсы біледі. Кент тұрғындары арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алып қана қоймай, мәселенің оңтайлы шешілуіне септігін тигізетіні де белгілі.
- Тіл білу қандай септігін тигізді?
- Тұрғындардың сенімді тірегі болу үшін ең алдымен тұрғындармен тіл табыса білу керек, тіл табысу үшін жергілікті халықтың тілін де білу керек. Менің осы қызметімнің нәтижелі болуы - менің тәлімгерлерімнің арқасы, олар маған қызмет барысында көп нәрсе үйретіп қана қойған жоқ, қазақ тілін меңгеруіме де көп септігін тигізді. Атап айтсам , олар - Ерхан Жанпеисов, Болат Ильясов, Жәнібек Алимжанов, Сейфулла Бокаев және қазіргі кездегі серіктесім, полиция капитаны Марғұлан Машрапов. Мемлекеттік тіл тек қазақтардың ғана мәселесі емес, осы ел азаматтарының баршасына ортақ. Оны білуге, қолдануға бәріміз де міндеттіміз. Қазіргі кезде қазақ тілін Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері ғана емес, алыс-жақын шетелдердің азаматтары да үйрену үстінде. Сондықтан Қазақстанда тұрып, қазақ тілін білмегеніміз ұят шығар. Не нәрсені де әркім өзінен бастауы керек. Сондықтан, бәріміз мемлекеттік тілді дамытуға ат салысайық. Қазақстанның болашағы - жастар. Ендеше, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жастарымыз көбейе берсін деген тілек бар, - деп сөзін аяқтады полиция майоры.
Жуырда Қазақстан халықтарының тілдері күні болды. Соған орай мерекемен құттықтай отырып, туған жеріне адал қызмет етіп жүрген Вадим Николаевич Светличныйдың отбасына амандық, қызметіне сәттілік тілейміз.
Ғалима Қазалиева
Бұқар жырау ауданының
ІІБ МТАТ
жетекші маманы