taza-kaz

Тіліміздің жауһар құндылығын сақтайық


23.09.2017

Тіл мәселесі айта берсе таусылмайтын, сарқылмайтын көкейкесті тақырыптардың бірі. Біздің елімізде мемлекеттік тіл қазақ тілі болса да, өкінішке орай бүгінгі таңда ана тіліміздің мәртебесі өз деңгейіне сай жоғары деп айта алмаймыз. Бүгінгі күннің ең басты мәселесі - өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде сөйлету емес, ең бірінші өз ұлтымыз қазақтарды қазақша сөйлету. Қазақтың қазақша сөйлемеуі – мемлекеттік тілдің даму жолындағы басты кедергінің бірі.
Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі алаңдаушылық туғызады. Барлығына бірдей топырақ шашқаннан аулақпын. Қазіргі таңда тіл мәселесін көтеретін, оған жанашырлық танытатын және мәдениетті, жалынды жастарымыздың барына шүкіршілік етеміз. Бірақ олардың саны тым аз. Керісінше, өз ана тілін өте жақсы біле тұра әңгімесіне өзге тілдің алабөтен сөздерін қосып сөйлейтін жастар да, үлкендер де жетерлік. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылып, ерін ұшынан шүлдірлеп былдырлау мүлде жат.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін оған деген қажеттілікті, қолайлы ортаны құру, сол тілдің айдынында еркін жүзу керек. Және де бұл мәселе әр отбасында көтерілетін сұрақтардың ең маңыздысы болуы тиіс. Өйткені, Отан - отбасынан басталады. Тәрбие басы – тал бесік. Балаларымыз өз ұясынан қанат қағып ұшып кетпей тұрып ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің біз үшін баға жетпес құндылық, теңдесі жоқ байлық екенін санасына сіңіріп үлгеруіміз керек. Әрине, ең бастысы өзіміз үлгі көрсеткеніміз абзал. Өзге тілді жетік меңгеріп, білім толықтыру керек-ақ, бірақ ол өз тілімізде сөйлемей-ақ қоюымызға болады деген сөз емес қой. Бұл қазақ тіліне жасалып тұрған қиянат. Жас ұрпақтың жүрегінде ұлтжандылық сезімін нығайтып, өз тіліне, дініне, тарихына аса қамқорлықпен қарауға міндетті екенін ұғындыра білсек нұр үстіне нұр емес пе?! Ана тіліне өз топырағында қамқорлық жасалмаса, ажарынан айырылады.
Елбасы: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – ана тіліміз» деген. Сондықтан да, тілдік қоры өте бай, көркемдік қуаты өте жоғары, халықтық тарихы тым тереңде жатқан қазақ тілін мемлекетіміздің ортақ тіліне айналдыратын ортақ қызметті ұстанған ұлттық көзқарасымыз тұғырлы және ғұмырлы болсын.
Н.Майкөбенова,
Ынтымақ ауылдық клубының меңгерушісі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?