
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мемлекеттік тілді дамытудың бірқатар мүмкіндіктері
09.09.2017
Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды».
Қазақ тілінің маңыздылығын және қолданыс аясын кеңейтуді сонау Алаш зиялыларынан бастап бір ғасырдан бері айтылып, жазылып келеді. Бірақ ауыз толтырарлықтай нәтиже шықпады. Сол үшін де қазіргі күні тіл туралы мақала, ой-пікір халықтың психологиясын шаршатып та жіберді. Құр сөз екенін түсінді. Сондықтан бұл тақырыпта тіл саясатын дамытудың тетіктері жөнінде нақты ұсыныстарымды беріп отырмын. Енді тіл тақырыбында бәріміз тек ұсыныстар ғана жазып және оны орындауда өзіміз үлгі көрсете білейік.
Қазақ тілін үйрету үшін Тіл комитетінің жасаған дүниелері қазір 1 бөлмеге сиятындай болды. Сол дүниелерінің электрондық нұсқасы міндетті түрде бар. Соны ғаламторға енгізіп жіберсе болғаны. Әлемнің барлық түкпіріндегі адамдар қазақ тілін үйрену үшін кәдеге асырар еді. Ғаламторда осы дүниелерін айналымға түсіріп отыратын бір веб-мастер әкімшісін ұстаса тіпті қатып кетер еді. Ғаламторға қазақ тілін үйрететін дайын тұрған барлық дүниелерді енгізер болсақ, қалтафонға да жүктеп алу мүмкіндігі туады. Яғни кез келген адам қалтафонына сөздік, т.б. жүктей алады. Адамның табиғаты кез-келген жаста тілді үйреніп кетуге бейім екендігін қазіргі ғылым дәлелдеді. Қазақ тілін үйрету үшін 25-кадрды пайдалануымыз уақыт күттірмейді. Ақыры қазір бәрі кітап оқығаннан көріністі - кино, клип, мультфильм, бейнероликтер, т.б. тамашалауға құштар ғой. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Бұндай тәсіл шетелдерде де қолданылып жатыр. Ол үшін 25-кадр арқылы үйретудің әдістемесін жасауымыз қажет. Бұл тәсіл арқылы екі айда тіл үйренуге болатындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Яғни тілді ең қысқа уақытта үйренудің жолы осы. Мұның кереметтігі - тіл үйренуге барлық жағдайы бола тұрып үйренгісі келмейтіндерді де, қысқасы бұл көріністерді көрген адамның бәріне үйретіп жібереді. Бұл мәселеде бір мемлекеттің тілін сақтау үшін жеке адамның құқы дегенді ескеріп жатқан ешқандай мемлекет жоқ. Олардыкі дұрыс. Себебі жеке адамның құқынан гөрі ұлттың құқы жоғары тұрғаны дұрыс деп ойлаймын.
А.Айкенова,
Бұқар жырау ауданы
әділет басқармасының басшысы