
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Заманмен үндескен жаңашылдық
19.08.2017
Өткен аптада, тамыз айының 11-жұлдызында Бұқар жырау аудандық әділет басқармасында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту және аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдерімен “Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы” дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға әділет басқармасы басшысының орынбасары Г.Әлиева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Жексенбаева, аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің қызметкері А.Сұңқарбекова, осы мекеме инспекторы А.Түсіпбекова мен бас маман А.Баяндин т. б. қатысты.
Ең алғашқы сөз Айгүл Жексенбаеваға берілді. Ол елімізде латын әліпбиіне көшу барысы жайлы әңгімелеп берді. Елімізде қолға алынған қызу жұмыстың 2-кезеңі аяқталып, ғаламдық ақпараттық кеңістікте бір ғана әліпбиді пайдалану және жер бетіндегі барлық қандастарымызға түсінікті, қолайлы болу үшін шығарылып жатқан соңғы модельдегі компьютерлер базалық латын әліпбиіне автоматты түрде көшірілетінін, мектеп партасынан-ақ ағылшын тілін меңгеріп жүрген балалар жаңа әліпбиді де тез қабылдап алатынын айтты. Өзіміз күнделікті ұялы телефон арқылы 112 төтенше жағдай хабарламасынан оқып жүргеніміз де латын графикасының әріптері, ендеше қазірден бастап-ақ оқи алады екенбіз.
Осы мекеме қызметкері Ажар Түсіпбекова ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы баяндамасын оқыды.
- Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: “Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыруы қажет” деп атап өткенін назарға салды баяндамашы.
Сонымен бірге ол бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қандай әрекеттер жасауымыз қажет, соған тоқталды.
Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілдің меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді.
Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру - оқытудың тиісті стандарттарын жетілдіру және үздіксіз білім беру моделін жасау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналуы тиіс.
Оқытудың инфрақұрылымын кеңейту қазақ тілін оқыту орталықтарының аккредителген желісін құру болып табылады. Осындай орталықтар оқу орындарын бітірген Қазақстанның ересек азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруінің инфрақұрылымдық базасына айналуы тиіс дегенге баса назар аударды.
Ауданымызда ана тілімізге деген жанашырлықты өзінің барлық әрекеттерімен білдіріп жүрген әділет басқармасының жұмысына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айгүл Мүкарамқызы оң көзқарасын білдірді. Осы мекеменің барлық құжаттарының - кіріс, шығыс екі тілде сауатты жасалатынын, ауданымызда ана тіліне қатысты барлық шараларда алдыңғы қатарда тұратыны да қуантатынын айтты.
Жалындаған жастар жұмыс жасап жатқан осы мекеменің алдағы уақытта да алдыңғы орындардан табылатынына, тартымды да сан тақырыпты шараларына әлі де қатысатындығымыз біздерді де қуантады.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреті