
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тілім – тұғырым
22.07.2017
Тіл – адамзаттың басты қазынасы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз жай ғана айтылмаған, біздің өзіміздің тілді, яғни мемлекеттік тілімізді құрметтеп, оны жетік меңгеруіміз қажет.Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілі – өз халқымыздың тарихын, тұрмысын, мәдениетін бейнелейді. Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері де мемлекеттік тілімізді үйренуге ынтасын байқатуда. Мемлекеттік тіл қоғамдық салада қолданылатын болғандықтан, іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде жүргізілуде. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір азаматтың абзал борышы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында қазақ тілін біртіндеп латын әлібиіне көшіреміз деп мәлімдеді. Онда 2025 жылға қарай іс-қағаздарды, баспасөзді, оқулықтарды - бәрін де латын әліпбиінде басып шығара бастауға тиіспіз деп айтқан болатын. Латын әліпбиінің негізінде жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды. 1940 жылы 13 қарашада қазақ жазуын латындырылған әліпбиден орыс тіліндегі жаңа әліпбиге көшу туралы заң қабылданды. Осылай қазақ тілінің өзгеру тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.
“Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі“,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Елбасымыздың 2003 жылғы 15 қарашасындағы жарлығы бойынша қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні ретінде белгіленген. Тіл саясаты - мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық, әрі саяси ахуалдың қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш.
Сондықтан, туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталуы тиіс. Айналаңды танып білу туған тіліңді білуден басталады.
А.Блялов,
Бұқар жырау аудандық
қазынашылық басқармасының
басшысы