taza-kaz

«Мерейлі отбасы-2024»


07.11.2024

Қазан айының 16 жұлдызында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Тіл - қазына» әлеуметтік жобасы аясында «Үлгілі отбасы» облыстық байқауы өткен болатын. Аталмыш байқауда Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылынан Мырзахановтардың отбасы ІІ орынға ие болып, 500 мың ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. 

 

Қыркүйек айының басында аудандық кезеңде бас жүлдеге Мырзахановтар отбасы ие болғанын жариялаған болатынбыз. Міне, тура бір жарым айдан кейін кеншілер шаһарынан сүйіншілі хабар келіп жетті. Көріп тұрғаныңыздай, ауданымыз облыстық кезеңнен де құр қалмады.

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұтастай алғанда ұлт болмысын сақтайтын ең басты «қойма», оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да - отбасы. Олай болса, отбасы – кез келген мемлекеттің, кез келген халықтың бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі.

2013 жылы Елбасының бастамасымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жарияланған болатын. Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған, сондай-ақ, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасыларды, еңбекке қабілетсіз ата-аналарына кәмелетке толған балаларының күтім жасауын паш ету және кеңінен насихаттау, яғни, бір сөзбен айтқанда отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатындағы ұлттық байқау содан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Жалпы байқауға Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен 7 отбасы қатысты. Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды. Қатысушылар таныстыру, аталар, әжелер, әкелер, аналар, келіндер және балалар сайысынан сынға алынды. Олардың арасында ауданымыздың ұлттық спортының дамуына үлес қосып, ұлтымыздың жеті қазынасын дәріптеп жүрген Мырзахановтар отбасы да бар. Байқаудағы бақ сынаған сәттерінен сұхбат алып хабарластық:

- Өздеріңіз білетіндей, аудандық кезеңде бас жүлде иеленіп, облыстық байқауға жолдама алдық. Әлбетте, жауапкершілік артып, тыңғылықты дайындала бастадық. Жалпы байқауға ата-анам, жарым және төрт қызыммен қатыстым. Біз ұлттық өнер мен ұлттық дәстүрді жанымыз сүйіп, айналысатын отбасымыз. Өз басым ат жаратамын, көкпар ойнаймын, тазы асырап, тазы жүгіртемін, құс салып, бүркіт ұстау деген секілді ұлттық спорт түрлерімен айналысамын. Өзім әскери қызметкермін.

- Байқауда бойымызда бар қазақы намысымыз бен күш жігерімізді аямадық. Отбасылық додада қолдаушыларым болған отбасым. Жалпы алғанда, қазағымыздың тілін, дінін, дәстүрін  таныту мақсатында қатыстық, - дейді отағасы Нұрдәулет Мырзаханов.

Аудан абыройын асқақтатып, ауылдың  атын шығарып, онымен қоса  ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Алар таусылмасын, әулетіңізбен өсіп-өркендеп, дами беріңіздер. Жеңіс құтты болсын!



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?