taza-kaz

Халықтың адал ұлы


15.10.2024

Елім-ау, бір сен үшін міндім атқа,

Көзден жем қылмаймыз деп енді жатқа,

Көтеріп Алаш туын ұрандадық,

Қарамай шапқан қылыш, атқан оққа, - деп, Алаш туын көтеріп, қазақ үшін туған қазақтың маңдайына біткен ақын Бейімбет еді. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі, аз ғұмырында бай рухани мұра қалдырған, өз кезінде бас жазушы, маңдайалды журналист атанған Бейімбет Майлин. Бейімбеттің өлеңдерін бас-басына – жеке талдап алғанда ақынның әдейі ол да басып кеткен ізі сықылды. Бейімбет - анық ақын. Алаштықтардың ізін жалғаушы Бейімбет. Өлеңдерінде адамға рух беретін, шабыттандыратын, жастарды жігерлендіретін сөзбен айтып жеткізе алмайтын тылсым күш бар. Әр адам оны ақынның өлеңін оқып қана түсіне алады. Алаштықтардың ізін жалғаушы деп мына өлеңнен біле аламыз:

Құтты болсын, Алаш ұлы, теңдігің,

Көп жыл жүріп қолға түскен кеңдігің.

Атқа мініп, ұраныңды шақырып,

Бірлік есін басты қосқан елдігің,

- деп жырлаған Бейімбет болатын. Алашорданың ісіне қатынасып, соның жырын жырлап отырғанын көреміз. Бейімбет Алашорданың ыстығына күйіп, суығына тоңып еңбек еткен пролетариат төңкерісіне қарсы байшыл ортаның ақыны болды десек, қате айтпағанымыз. Алаштықтардың негізгі мақсаты қазақ елінің қамы еді. Ел-жұртты қазақшылдыққа тәрбиелеу, сауатты болуға үйрету. 

Қазіргі таңда Алаштықтарың мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Тәуелсіздігімізді алғанымызға отыз жылдан асса да, қазақ тілінің деңгейі қарынды аштырады. Көп жылдар өтсе де Қазақстан Республикасының орыстілді азаматтарының әлі күнге дейін қазақ тілін үйренуге құлшынысының жоқтығын басқаша қалай түсіндіруге болады? Тиімсіз шаралардан бас тартып, мақсатқа жетудің басқа жолдарын іздейтін уақыт жетті емес пе? Теориялық тұрғыдан әрине, ерте ме, кеш пе, бірақ іс жүзінде біз осы сәтті кейінге қалдыру үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатқан сияқтымыз. Иә, тіліне деген жанашырлықты әр адам түсінсе, бұл мәселе азаяр еді ғой.

Қазақ тілінің деңгейін көтеру үшін мектеп бағдарламасынан бастау керек деп ойлаймын. Тәрбие бесіктен демекші, жас баланы ерте кезден қазақилық тәрбиеге баулып өсірсе, ары қарай да сол жолмен жүрері анық. Бізде ғылыми база жетіспейді. Салыстыру үшін ағылшын тілі оқулықтарын алыңыз. Олар оны екінші тіл ретінде меңгеру туралы, әр түрлі жастағы, әр түрлі деңгейдегі, әр түрлі мақсаттағы оқушыларды оқыту әдістемесі туралы көптеген зерттеулерге негізделген. Қазақ тіліне қатысты мұндай зерттеулер іс жүзінде жоқ. Мұндай зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тіл меңгеру теориясы, қостілділік, оқыту әдістемесі т.б саладағы кәсіби тіл мамандары қажет.

Қазақ тілі оқулықтарындағы мәтіндердің күрделілігін де атап өткім келеді. Біздің елде олар жасына да, біліктілік деңгейіне де, оқу деңгейіне де бейімделмеген. Халықтың қазақ тілінде сөйлегенін шын қаласақ, әрине, оларды жаңғырту керек. Студент оны қызықты, заманауи идеялармен, көңілді және пайдалы мазмұнмен байланыстыруы керек.

Ойымды қорытындылайтын болсам, мектеп бағдарламасын толығымен өзгертпесек тіліміздің мәселесі әлі шешімін таппайды.

 

Мұқан Іңкәр,

Ботақара кенті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?