taza-kaz

Тіл көркеймей, ел өркендемейді


29.07.2024

Ана тілін меңгере бастағаннан ол бірте-бірте ортаның ұлттық қасиеттерін бойына сіңіріп, оның ойлау жүйесі, ақыл-ой өрісі мен ұлттық нышандары айқындалады. Сондықтан адамның ана тілі – оның ата-анасының тілі емес, оның өскен, тәрбиеленген, санасына сіңген тілі. Адам ана тілімен сөйлеумен бірге сол тілдің грамматикасын, дыбыс ерекшелігін, сөз байлығын, әдебиетін игеріп, сол тілде ойлау әдісін де меңгереді.

Тіл саясаты әр елдің тарихына, демографиялық және діни құрамына, геосаяси жағдайына, білім мен мәдениетінің ерекшеліктеріне, елдегі саяси биліктің ұстанымына байланысты. Көп жағдайда тілдік ахуал диаспоралардың саны мен сапасына, ұстанымына, тарихи отандарының жақын-қашықтығына байланысты.

Тілдердің өзіндік өмірбаяны мен географиялық аумағы бар. Мысалы, Қазақстандағы алпысқа жуық диаспоралардың тарихи отаны, мемлекеттік тілі бар, олар тарихи отанына оралып жатады. Сонымен бірге, бірқатар диаспораның мемлекеттілігі, бір жерде шоғырланған аумағы жоқ. Сондықтан, біздегі кейбір диаспора өкілдері бірыңғай қоныстанған аумақты меншіктегісі келеді, кейде тіпті ол дау туғызып жатады. Ондай диаспоралардың Қазақстанда саны қырыққа жуық.

Бүгінде әрбір елдің ұлттық бейнесі күрделі. Әр елдің тілдер мәселесін реттеуінің өз моделі, қайталанбас үлгісі бар, сонымен қатар ортақ заңдылықтары, қағидалары бар. Оның ең бастылары - тыныштықты қаласаң, өз тіліңді сақта, бөтен тілді сыйла, сонымен бірге әділетті бол, мемлекеттік тілді саяси да, лингвистикалық та, экономикалық, құқықтық тұрғыдан да қорғау, тіл тілге жау емес, бірақ тіл тілге бәсекелес. Сондықтан оларды қорғаудың деңгейі мен жолдары әрқалай.

Жастардың басым көпшілігі әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, қазақ мектебінде оқығандар, қызметі мен отбасында да қазақша сөйлейді, балаларын да негізінен қазақ мектептеріне береді, сондай-ақ орыс, ағылшын тілдерін де меңгерген, енді оларға болашаққа қарай жол ашып, мүмкіндік туғызу керек. Тіліміздің болашағына сенім мол.

Айгерім Құмыржанова,

қоғамдық жұмыскер

Ростов ауылы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?