
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мемлекеттік тілді өнер арқылы насихаттау
17.06.2024
Ұлт жанашыры Мұстафа Шоқай айтқандай, «Ұлттың тілі — ұлттық рухтың негізі» саналады. Сондықтан, тіл тағдыры ұлтын сүйетін әрбір азаматты ойландыруы тиіс. Тілдің тағдыры ел азаматтары бір-бірімен жаппай қазақша қарым-қатынас жасағанда ғана оңынан шешілетінін түсінетін кез жетті. Бұл ретте отбасының алар маңызы зор. Әрбір ата-ананың бойындағы елге, жерге оның тіліне деген сүйіспеншілік балаларға берілсе ғана қазақ тіліне даңғыл жол ашылады.
Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту жолында өнердің де алар үлесі өте зор, оның ішінде музыка саласы бойынша тоқталайын. Музыканың жалпы тіл үйренуге пайдасы бар.
Шетелдік ғалымдар музыканы түсінетін адам басқа тілдерді де тез үйренеді дейді. Музыкамен айналысу есту қабілетін арттырып, түрлі дыбыстарды, дауыс тембрі мен деңгейін ажыратуға көмектеседі. Біз сөйлеушінің дауыс ырғағына, екпініне көңіл бөлу үшін дауыс тембрі мен деңгейін ажырата алуымыз қажет. Музыкамен шұғылдану тіл үйренуге қалай көмектесетінін анығырақ айтсақ. Солтүстік-Батыс университетінің (АҚШ) ғалымдары орта мектепке қабылданған 40 жасөспірімді таңдап алып, оларды мектеп бітіргенге дейін бақылап жүрген. Бұл оқушылардың жартысы музыка үйірмесіне жазылып, музыкалық аспаптармен аптасына 2-3 сағат жаттыққан. Ал қалған оқушылар сол аралықта спорт үйірмелеріне қатысып жүрген. Барлығы жақсы көрсеткішке ие болған. Музыкамен айналысқан оқушылар үздік атанған. Музыка үйірмесіне қатысқан оқушылардың соңғы емтихан кезіндегі жауаптары оқу басталған кездегі жауап беру деңгейінен әлдеқайда жоғары екені анықталған. Музыкалық аспаптарда ойнаған оқушылар дыбыстық реңктерге аса мән берген. Яғни, олар тәжірибе мен заңдылықтарды байланыстыра отырып, тіл меңгеру кезінде де музыкалық сауатын пайдаланған.
Ұрпақ болашағына алаң көңілмен қараймын. Себебі ана тілін білмейтін балалар көп. Сондықтан әрбір адам өз баласының қазақша сөйлеуі үшін барын салуы керек. Меніңше, қазақ тілін орыс сыныптарында үйретуді ауызекі тілден, яғни үйде күнделікті қолданылатын сөздерден бастау керек.
Ата-аналар балаларымен бірге қазақ тілін үйренсе нәтижесі болады. Балаларға арналған қысқа әңгіме, тақпақ, ертегілерді оқып, сөзжұмбақ шешу нәтиже береді. Қазақ тілі - бала тілі болмай, ана тілі бола алмайды.
Жалпы тіл үйретуді баланы ананың құрсағынан бастаған жөн. Әрбір ана балаға аяғы ауыр кезінде ана тілінде ән айтып жүрсе, денсаулыққа да, тәрбиеге де өте пайдалы. Әсіресе осы құрсақ көтеріп жүрген ана Алладан қандай тілеу тілесе, сол тілегі қабыл болады екен. Ертедегі әжелеріміздің бесік жырының өзінде қаншама тәлім-тәрбие бар. Жасырары жоқ, құлағына қазақша ән сіңіп өскен бала өскенде де өз тілінен жерімесі анық. Жалпы ән арқылы балаға тіл үйретудің пайдасы өте зор. Адам әдемі әуезге елти отырып, ой санасы әп-сәтте әннің сөзін дереу жаттап алатыны бар.
Сонымен қатар ән үйрету арқылы бала грамматиканы да тез үйренеді. Әннің сөздері арқылы әңгіме, сұхбат, сөзжұмбақ құрастыру керек.
Ғалымдардың пікірінше, кез келген тілде сөйлеуді үйренбес бұрын, сіз осы тілде музыка тыңдауыңыз керек, есту тілдік ортаға үйренуі керек.
«... Біздің қазақ – ән құмар халық. Газет оқып, не шариғат, не насихат айта бастасаң, құлағын салар-салмас шеттеп кетеді. Біреу қолына домбыра ұстап, ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиылып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді.
Мағынаны керек қылмаса да, әнге бола жиылады. Бара-бара не болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады. Сол үшін ескі кісілер «пәленнің өлеңінде де бар ғой» деп келтіріп отыратын. ... Қысқасы, бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жалғыз қалады, сәні кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді. Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар.» ХХ ғасырдың басында С.Торайғыровтың айтқан ойы қазіргі таңда да өзектілігін жоймаған.
Мен өз мақаламда осы байлықты тіл үйретуде қолданудың жолдарын қарастыруды мақсат еттім.
Қазіргі таңда қазақ тілі сабақтарында қазақ әндерін қолданбау мүмкін емес деп айтуға болады. Оның бірнеше себебі бар:
Біріншісі - тіл үйренушілердің көбісі музыканы жақсы көреді. Екіншісі - аудиториядағы музыка – сабақты түрлендірудің және жағымды көңіл-күй қалыптастырудың бір жолы.
Үшіншіден - тіл үйренушілердің өздерін еркін ұстап, қатысымға түсуге ынталарын тартады. Төртінші - ән мәтінінің жаттығу орындау барысында бірнеше рет қайталанды жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің еріксіз тез есте қалуына мүмкіндік береді. Бесіншіден - тіл үйренушілер қазақ тілінің мәдениетімен танысады және соның негізінде сұхбатқа түсуге қызықты тақырыптар анықталады. Тіл үйретуде әнді маңызды құрал ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар ән мәтіндері қызықты лингвистикалық материалдарға да толы болады.
«Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар…», - деп ұлы Абай жырлағандай, жақсы ән естігенде тамсанбайтын, рахат күйге бөленбейтін адам жоқ шығар.
Сондықтан тіл үйретуде жақсы, есті ән таңдаудың маңызы зор. Біріншіден, ән мазмұнының өтететін тақырыпқа сай болуы қарастырылады. Екінші тіл үйренушінің тілді білу деңгейіне назар аударылады. Әннің көпшілікке танымал болуы да маңызды. Ән мәтінінде сөздер мен сөз тіркестерінің бірнеше рет қайталанып келуі, ән сөзінің тіл үйренуші жадында тез сақталуына ықпал етеді. Ол үшін анық және есте қалатындай мелодияны таңдау, анық ритмнің болуы, тәрбиелік құндылығы маңызды.
Кез келген нәрсе оқыту материалы бола алмайтынын да ескере отырып, ән мәтіні бойынша сапалы оқу материалын құрастыру үшін тізім жасалуы керек. Оған караокемен айтылатын әндердің тізімін жасау, тізім бойынша таңдалған әндердің мәтінін және әншінің орындауындағы нұсқасын табу, сапалы, анық орындалған әндерді таңдау, ән мәтінінің сабақ мақсатына сәйкес болуын қадағалау, ән арқылы тіл үйренуші бойында қандай білім, білік, дағдыны қалыптастыратынын анықтау, ән мәтінімен жұмыс барысында сөйлесім әрекетінің барлық түрлерінің қамтылуын қадағалау, әнді үйренушінің тілді білу деңгейіне сәйкес таңдау, ән мәтіні бойынша жаттығу тапсырмаларын құрастыру, ән мәтінімен жұмыс жасауда жағымды орта қалыптастыру. Әнді тек көңіл сергітетін әуен деп қарамай, оның бағалауды талап ететін оқыту құралы екенін есте ұстауды кіргізуге болады.
Әнді орындаушының суретін көрсетіп, оған байланысты бір оқиға желісін құрастыру. Әннің шығу тарихына байланысты мәтінмен таныстыру.
Сөздік жұмысын жүргізу - сөздің мағынасын сурет арқылы түсіндіру, әнді тыңдата отырып, топтарға сурет салғызу немесе кесте құрастыру, ән мәтіні бойынша тіл үйренушілерге тапсырмалар парағын ұсыну, ән мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру, жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру, эссе, сұрақ-жауап, презентация жасау, т.б. ән сюжетін өзгерту немесе әнді басқаша аяқтау.
Жоғарыда аталған жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, тіл үйренушінің бойында қазақ әніне және тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруға болады.
Осылайша тіл үйренуші сергиді, өзіне деген сенімділік қалыптасады, қарым-қатынасқа түсудегі тілдік кедергілері азаяды, музыка, дауыс ырғағы, әдемі әуен тіл үйренушінің эмоциясына жағымды әсер етеді.
Музыка тілдерді үйренуге қалай көмектеседі?
Музыканы тыңдап өскен балаларда музыкаға байланысты байланыстар дамиды, бұл өз кезегінде олардың тіл байлығын нығайтады. Музыка сөздер мен сөз тіркестерін әлдеқайда тиімдірек сақтауға көмектеседі. Музыканың ырғағы, сондай-ақ ән ішіндегі қайталанатын үлгілер сөздерді есте сақтауға көмектеседі.
Музыканың тілмен байланысы қандай?
Тіл мен музыка арасындағы ең айқын байланыс - бұл сөздерді есте сақтау үшін музыканы қолдануға болады. Сөздерді сөйлеуден гөрі ән ретінде үйренгенде, әсіресе шарттарда жақсырақ еске түсіретіні сенімді түрде көрсетілді. Ең бастысы - әуен. Ырғақ соның бір бөлігі екені анық.
Мінеки, бұл талдау ұсыныс тек бастамасы ғана. Қазіргі таңда музыка, әннің тіл үйренуге әсері ретінде бүкіл әлемді қазақ тіліне көңіл аудартып, қызығушылық тудырған феномен Димаш Құдайбергеннің «Тілге құрмет – өзің өмір сүріп отырған мемлекетке құрмет екенін» жүрегінде ұстап, жүрген жерінде қазақ тілінде сұхбат беріп, қазақтың қара домбырасын насихаттауы. Әлем жұртшылығын таңқалдырып отырған ғажап әншіміздің талантына бас иген шетелдіктер әннің мағынасын түсіну үшін-ақ біздің қазақ тілімізді өздері-ақ аз уақыттың ішінде үйреніп жатқаны Димашымыздың зор еңбегі.
Атақты Ақсақ Темірдің философиялық ойымен қорытсам «Өз ұрпағын дұрыс тәрбиелей алмаған халық басқа елдің әскерін тамақтандырады» деген екен.
Ендеше ұрпағымызды ана тілін қадірлеуге, салт-дәстүрімізді сақтау жолында дұрыс тәрбиелейік, ағайын.
Дариға Рахымқызы,
кітапхана қызметкері,
Доскей ауылы