
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақ кепілі
27.04.2024
Үш тілде білім беру - бүгінгі заман талабы, бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы арқылы құзыретті заманауи тұлғаны қалыптастыра аламыз. Қазақ тілі - мемлекеттік тіліміз, біздің патриоттығымыздың белгісі болса, ал ағылшын және орыс тілдерін үйретудегі мақсат - өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің ертеңгі күні сұранысқа сай маман болуын қамтамасыз ету.
Үш тілді білім беру – тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты.
Қазіргі оқу үрдісінде пәндердің мазмұнын кірістіру өзектілігін одан әрі арттырып, осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарымен пән мазмұнына сай жасақтау мәселені шешумен ұштастыруды керек етіп отыр. Осы ретте химия пәнін орыс және ағылшын тілдерімен ақпараттандыру негізінде кіріктіріп оқыту тиімді. ХХІ ғасыр бұл біздің үлкен қызмет атқарып, көптеген алға қойылған мақсаттарымызды жүзеге асырып, елдің пайдасына жемісті еңбек етуімізге жағдай жасалған даңғыл дәуір десек те артық айтпағанымыз. Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы беделін көтеріп, алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде танытуда «Үштұғырлы тіл» саясатының рөлі айрықша. Аталмыш саясатқа қатысты талайдың көкейінде түрлі сауал туындағаны даусыз.
Алайда, қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазіргі уақытта осы жоба қазақстандықтардың тарапынан қолдау тауып, тетігін іске қосу бағытында түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің дәрежесі уақыт өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бірден тұғырға көтерілмеді деп айтуға оңай, әрине. Шын мәнінде, бәріне уақыт керек. Уақыт өте келе тіліміздің мемлекеттік мәртебесіне сай дамитынына сенімім мол. Заман көшінен қалмай, уақыт талабына бейімделу – барлық қазақстандықтың негізгі міндеті. Білікті маман үшін мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Бірнеше тілді білу бәсекеге қабілеттіліктің айғағы.
Жоғарыда айтылған жайттардың түйінін жасар болсақ, біз бүгін Тәуелсіз Қазақстанда, құқықтық мемлекетте өмір сүріп келеміз. Өз кең байтақ жеріміз, мемлекеттік тіл статусына ие ана тіліміз бар. Бұл – ел ынтымағы мен бірлігінің үлкен жемісі.
Ендеше, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген халқымыздың даналық сөзін жадымыздан шығармайық, ағайын!
Олжас Ғұбайдуллаев,
Ақбел ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы