
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Үш тілді меңгеру - болашақтың кепілі
25.11.2023
Көп тілді меңгеру – еліміз үшін ғана емес, әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Тілді білу - жаһандық кеңістікте өз орныңды табу, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан көш бастаушылардың қатарынан көрінуге жол ашатын қозғаушы күштердің бірі.
Білім беру үрдісі модернизацияланған уақытта көп тілді меңгерту бағыттары анық, жүзеге асу аспектілері нақтыланған. «Үш тұғырлы тіл» идеясынан бастау алған үрдіс бүгінгі таңда нәтижелі жемісін беруде. Қазақ тілі - мемлекеттік әрі ана тіліміз болса, орыс тілі - ұлтаралық қатынас, ал ағылшын тілі әлемдік деңгейде бой көрсететін құрал болмақ. Яғни, үштілділік бәсекеге қабілетті, іргесі берік, ұстанымы айқын елдер қатарына апарар басты көрсеткіштердің бірі. Тамыры тереңге кеткен өткенімізге шолу жасасақ, Әл-Фарабидей дана ғұламамыз 76 тілді меңгерсе, Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін жетік меңгерген. Міне, осыдан-ақ әлемдік деңгейде аты мәшһүр тұлғаларымыздың өзі де бірнеше тілді меңгергенін байқаймыз.
Үштілділік – жеткіншектердің білім айдынында еркін самғауына, әлемдік ғылым құпияларын ашып, өз қабілеті мен сан қырлы сырын танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі таңдағы маңызды қажеттілік. Дегенмен, қай ұлттың болмасын басты ұстанымы бірінші орында өз ана тілі болуы тиіс. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, өз ана тіліміздің мәртебесін жоғары қою біздің мақсатымыз. Себебі тіл – ұлттың тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің түп қазығы. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыстың қарқыны үдеп, жалғаса беретіні хақ.
Ел мүддесі әр азамат үшін басты ұстаным болуы тиіс. Заман талабына сай білім мен біліктілікті меңгерген, қуатты ел қатарынан орын тепкен мемлекеттің қайсын алып қарасақ та, бір жақтылықпен қалмай, әлемдік держава деңгейіне жету үшін тіл меңгеру мәселесін кезек күттірмейтін күн тәртібіне қойып, басты дамудың сара жолы деп көрсеткен.
Еліміздегі тіл саясатының мақсаты - республиканың жаһандық қоғамдастыққа енуі әрі сол арқылы ғылымның, экономиканың және елдің әлеуметтік-мәдени жағдайын арттырып, өз ана тіліміздің мәртебесінің құндылығын дәріптей түсу. Яғни әлемдік аренаны бағындыру арқылы болашақтың іргетасын берік қалап, нақты қадамдар арқылы жетістікке жетудің басты қағидасы.
Үш тілді меңгеру - бұл қажырлы еңбекті, толассыз табандылықты қажет етеді. Ал оның толағай табысы салмақты екені мәлім. Олай болса, елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын десек, ұлтқа қызмет ету жолындағы басты идеямыз ел ертеңі үшін бүгін толассыз еңбек ету.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілдер – тірлік үшін», - деген түйінді сөзінен-ақ тіл білудің маңыздылығын атап көрсетті.
Олай болса, кемел келешек жолындағы әрекетіміз маңызды стратегиялар мен мазмұнды қадамдардан тұрса, бәсекелестік пен даму жолындағы көшті бастайтын қуатты ел қатарынан орын алатынымызға сенім мол.
Ә.Мағауиянов,
Ақөре ауылының
әкімі