
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ауыл келбеті – көрнекі ақпарат
18.11.2023
Ауылым – атамекенім! Бұл сөз әр адамның туған өлкесі мен өскен жерінің ерекше қымбат екендігін білдіреді. Ауыл тарихи табиғи даму ерекшеліктеріне орай қалыптасады. Тоғызқұдық ауылының экономикасы мен әлеуметтік даму қарқыны еселеп артып, заман талабына сай жылдан-жылға ажарланып келе жатыр.
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі – жарнама мен көрнекі ақпараттар. Көрнекі ақпараттар мен жарнамалар экономиканың ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмірдің де белді бөлшегіне айнала бастаған әлеуметтік құбылыс.
Тоғызқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары ауылдағы сыртқы жарнама және көрнекі ақпараттар мен мекемелерде орналасқан маңдайшаларда жазылған мәтіннің заңға сәйкес жазылғанына көз жеткізу мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ретке келтіру.
Тіл туралы заңның 21-бабында «Маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде» жазылуы тиіс деп көрсетілген. Ал заң бойынша, көрнекі жарнамаларда сол не жоғары жағына мемлекеттік тілде, оң не төменгі жағына орыс тілінде орналастыру қажет. Оған қоса әріптер бірдей өлшеммен жазылып тұруы тиіс. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі екені рас. Сондықтан сауатсыз жазылған сақау көрнекі ақпараттар, жарнамалар тіліміздің қадіріне нұқсан келтірері сөзсіз.
Тоғызқұдық ауылдық округінде екі мектеп, бір Мәдениет үйі орналасқан. Сонымен қатар 4 жеке меншік дүкен бар.
Округ бойынша мекемелердің және жеке меншік дүкендердің маңдайшаларында жазылған мәтін заңға сәйкес келеді.
Жарнама мен көрнекі ақпарат кез-келген ауылдың тыныс-тіршілігінен хабар беріп, қоғамның бет-бейнесін қалыптастырады. Тіпті сол көпшілік назарына іліккен сауатты жазылған жарнама мен көрнекі ақпарат тіл мәртебесінің деңгейін көтереді.
В.Толеутаева,
«Тоғызқұдық ауылдық окургінің әкімі аппараты» ММ-сі бас маманы