taza-kaz

Тіл - ел байлығы


14.10.2023

8-қыркүйек күні аудандық Мәдениет үйінде «Бұқар жырау ауданының тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Байқадам жалпы білім беретін мектебі» КММ ұйымдастыруымен  мектеп оқушылары арасында 5-қыркүйек – А.Байтұрсыновтың туған күні және Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл - ел байлығы» атты аудандық эссе байқауының марапаттау рәсімі өтті.

7-сыныптар бойынша: І орын - Сархыт А. - Сарытөбе НОМ, II орын - Токова Т. - Қушоқы ЖББМ, Мейрам Ж. - Байқадам ЖББМ, ІІІ орын - Ниязбекова Т. - Ақөре НОМ, Амантай І. - Нұра ЖББМ, Хурманшарав А. - Киров НОМ, Абдухаликова П. - Калинин ЖББМ,

8-сыныптар бойынша І орын - Мақан Д. - Әлкей Марғұлан атындағы ЖББМ, ІІ орын -Қайырполла А. - Байқадам ЖББМ, Геменай М. - Қушоқы ЖББМ, ІІІ орын - Мубарак Б. -Қ.Боранбаев НОМ, Болат А. - Керней ТМ, Кабдиева А. - Үміткер ЖББМ.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және «Бұқар жырау шығармалары» кітабы табысталды.

Байқауға белсене қатысқан оқушыларға алғыс хат және «Бұқар жырау шығармалары» кітабы табысталды. Оқушыларды байқауға дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне алғыс хат берілді.

Жиын соңында осы байқауды ұйымдастыруда қолдау көрсеткені үшін «Бұқар жырау ауданының тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Г.Х.Абеуоваға «Байқадам ЖББМ» директоры Рымкүл Жұмағұлованың алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар, осы байқауды ұйымдастыруда қолдау көрсеткені үшін «Байқадам ЖББМ» директоры Р.Т.Жұмағұловаға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Мизамоваға және осы мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Л.Т.Жабағина мен Л.А.Нұрғалиеваға «Бұқар жырау ауданының тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Г.Х.Абеуованың алғыс хаты табысталды.

Марапаттау рәсімінен соң оқушылар жетекшілерімен бірге аудандық мұражайға саяхат жасады. Мұражай қызметкерлері өте көп мәліметтер берді.

Осы байқауға белсене қатысқан барлық әріптестерімізге, оларға қолдау көрсеткен мектеп әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз.

Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызына айналар білімді оқушыларымыз көп болсын!

Л.Жабағина,

Байқадам орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?