
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тіл тағдыры – ұлт тағдыры
07.10.2023
6-ші қазан күні «Тіл жанашыры» байқауының қорытындысы шығарылды. Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін аудан әкімінің сыйлығы екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы жылы үздік деп танылғандарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Әлия Шайкенова құттықтап, марапаттады.
Байқау зияткерлер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, ұстаздар арасында жүргізіледі. Биылғы жылы ана тіліміздің жанашыры ретінде байқауға қатысуға 8 адам өтініш берген екен. Аудандық тілдерді дамыту бөлімі байқау ережелерін газет бетінде жариялап, 4 номинация бойынша өтетіндігін хабарлаған болатын.
Байқау қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызмет» номинациясы Керней ауылдық округі әкімі аппараты бас маманы Ажар Жұмкеноваға табысталды. Ал «Жас полиглот» номинациясы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Шамшырақ Жарылғаповаға бұйырды. «Мемлекеттік тіл – бизнес» номинациясында – Ю.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Зәуре Молдабаева жеңіске жетті. Шешенқара орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Ардақ Әлжан «Тіл майталманы» номинациясының иегері атанды.
4 номинацияның жеңімпаздарына аудан әкімінің арнайы дипломы мен 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталды.
Әлия Шайкенова тіл саясатын іске асырудағы мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттаудағы қызметтері үшін жеңімпаздарға алғысын білдірді.
«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызмет» номинациясы бойынша үздік деп танылған Ажар Жұмкенова 24 жылға жуық Керней ауылдық округі әкімі аппараты бас маманы қызметін атқарып келеді. Жеңімпазымыз жылдан жылға қазақ тілінің мәртебесі артып, мемлекеттік іс-қағаздардың баршасы ана тілімізде толтырылып жатқандығына қуанатындығын айтты:
- Қазақ тілі - бай тілдердің бірі. Оның мәртебесін асқақ, болашағын жарқын қылатын да өзіміз. Бүгінгі жеңімпаздардың баршасын құттықтап, ана тіліміздің мәртебесін көтеру жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін,- деді Ажар Қайырқызы.
«Тіл майталманы» номинациясының иегері атанған Ардақ Әлжан ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз атынан алғыс білдірді:
- «Тіл жоғалса ұлт та жоғалады» дейді Алаш ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы. Тәуелсіздігіміздің тұрақты болуы да тіліміздің мәртебесімен байланысты. Кешегі ұлт зиялылары ана тіліміздің жолында құрбан болды. Сондықтан да ана тілімзді құрметтеп, оның мәртебесін көтере білейік. Үйдегі балапандарымыздың ана тілінде сөйлеуіне біздер жауаптымыз. «Балаңа қай тілде білім берсең, сол ұлтқа қызмет етеді» дейді. Ендеше жүрегі қазақ деп соғатын, еліне адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелейік,- деді Ардақ Жақсыбайқызы.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суреттерінде: Ә.Шайкенова және А.Жұмкенова; естелік сурет.