
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры
30.09.2023
Керней ауылының модельді кітапханасында әкімдік пен кітапханашы Наталья Павловна Никитинаның ұйымдастыруымен «Туған тілім қымбат маған» атты кітап көрмесі өткізілді.
Сонымен қатар, Керней тірек мектебінің ғимаратында тіл мамандарымен «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты он күндік салтанатты шара жалғасын тапты.
Осы мереке аясында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты мәнерлеп оқу сайысы мектеп оқушылары арасында қазақ,орыс, ағылшын тілі мұғалімдерімен ұйымдастырылды. Бұл сайыста оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті.
«Қазақстан халықтарының ойындары» атты іс-шараны дене шынықтыру мұғалімдері 5-6 сыныптар арасында өткізіп, халқымыздың ұлттық ойындарын оқушыларға таныстырды.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы челлендж түрінде өткізілді.
Орыс сыныбының оқушылары да қазақ тілінде тіл туралы, туған жер туралы әндерді шырқады. Барлық оқушылар шара аяқталған соң жүлделі орындар иеленіп, сыйлықтармен марапатталды. Байқау өте жоғары деңгейде өткізілді.
А.Байғожина,
Керней ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы