taza-kaz

Тегін тіл курстары кім үшін?


30.09.2023

Қазақстанда қазақ тілін үйрететін тегін курстарды көбейтіп, оқыту әдіснамасын дамыту керек, - деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

«Қазір қазақ тіліне деген сұраныс артып келеді. Әсіресе, соңғы екі жылда сұраныс күрт артқанын байқай аламыз. Сол себепті бізге қазақ тілін үйрететін, әсіресе ересектерге үйрететін тегін курстар керек. Ол тек жүзбе-жүз өтетін курстар ғана емес, онлайн да болғаны жөн. Себебі көптеген адамдар жұмыстан босай алмайды».

Қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІІ сессиясында тіл мәселесіне қатысты барлық пікірталас этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие екенін түсіну маңызды деген еді.

Қазақстанда мемлекеттік тілді білу әрбір азаматтың парызы ғана болғандықтан ба, оған міндет ретінде қарап жүрген адам көп деп айта алмаймыз. Мемлекеттік қызметкерлер де мемлекеттік мәртебедегі тілімізді меңгеруге асықпайтындай, үлкен жиындарда сөз сөйлейтін спикерлердің өзі «сәлемін» қазақша бастап, негізгі ойын өзге тілде жеткізіп жатады. Бұл мәселені тегін тіл курстарын енгізу арқылы шешуге бола ма? Бүгінде әрбір лауазым бойынша кім қанша сөз білу керектігі анықталған.

Тіл білімін бағалаудың халықаралық талаптарына ұқсас қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын, отандастарымыздың, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің арасында ресми тілде сөйлейтіндердің өте басым екенін мойындау қажет. Оған қоса, Қазақстанда тұрып жатқан өзге этностар тағы бар. Сондықтан өзінің күнделікті тұрмысында өзге тілдерді пайдаланатын азаматтарға мемлекеттік тілді меңгеруге ықпал ету Тегін тіл курстары негізгі мақсаты ретінде белгіленді. Біз ересек адамдарға негізгі басымдық беріп отырмыз. Неге десеңіз, бүгінде өзге тілде оқитындар үшін практикалық қазақ тілін оқыту сабақтары мектепте де, университетте де бар. Сондықтан көбісі мектепті орысша бітіріп, жоғары оқу орнын да сол тілде тәмамдайды. Міне, осы азаматтарға арнап елімізде тегін түрде мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылады.

Елімізде үш тұғырлы тіл саясаты жүргізіліп отырғандықтан, қандай-да бір тілді міндетті түрде білуің қажет деп міндеттеу дұрыс болмас. «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал орыс тілін ресми тіл ретінде пайдаланамыз» деген қағидат болғандықтан, біз тілге қатысты маңызды бір мәселені, жағымсыз үрдісті байқап отырмыз. Мемлекеттік мекемелердің көбісінде басқосу-отырыстар қазақ тілінде басталса да, ары қарай орысша жалғасып кете береді. Мемлекеттік құжат айналымы да солай болып кетті. Негізгі хат қазақ тілінде жазылса да, оның барлық қосымшалары орысша «сайрап» жүр. Немесе хат орысша дайындалады, сосын аударылады. Нәтижесінде қазақ тілі аударма тіліне айналды. Сондықтан дәл қазір бәрі керемет болды деп айта алмаймыз. Дегенмен бетбұрыс бар.

Тілді дамытудағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тегін тіл курстарын қысқа мерзімде онлайн түрде өткізеді.

Б.Байғожина,

Керней ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?