
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Есте қалар шаралармен өрнектелді
16.09.2023
Елімізде 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні болып аталғаны баршамызға мәлім. Тіл білімінің атасы –Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылып бекітілген бұл күннің мәні де, салмағы да басым. Тілдер күні елімізде барынша мерейлі мереке ретінде аталып өтіледі. Аталмыш мерекеге орай біздің Бұқар жырау аудандық білім бөлімдерінде де оқу жылының алғашқы аптасы оқушыларды бірден білім айдынында өз салтанатымен тербей жөнелді. «Тіл - кемел болашақ тұғыры» тақырыбындағы саптық жиында тілдер мерекесінің мән-мағынасы айтылып, онкүндік барысында өткізілетін шаралар анықталды. Саптық жиында оқушыларға танымдық деректер көрсетіліп, мақал- мәтелдерден қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Әр тілде ұстаздар мен оқушылар тарапынан құттықтау репортаждары ұсынылды.
5-қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, «Тілге құрмет - елге құрмет» тақырыбында Ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығына байланысты ұстаздар мен оқушылар арасында челлендж ұйымдастырылды.
Бұл шара арқылы Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары кеңінен талданды деп айтуымызға негіз бар. Осы күні сауатты жазуға негізделген «Мен сауатты жазамын!» айдарымен жалпыоблыстық ашық диктант өткізілді. Диктантты мектеп оқушыларымен қатар ұстаздар, жұмыскерлер де жазды. Диктант мәтіні ұлттық құндылыққа негізделіп, талғаммен таңдалғаны байқалады. Киіз үй, шаңырақ ұғымдарына қатысты диктант жазған адам сауатты жаза отырып, құнды мәліметтермен танысады.
Онкүндік барысында «Тіл – ұлттың рухани негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында оқушыларға тілдің мән-маңызы айтылып, сөзжұмбақтар шешкізіп, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ойтолғау жазып, өлең шумақтарын арнады.
«Маманға жүз сұрақ» айдарымен тіл жанашырларымен кездесулер ұйымдастырылды.
Жоғары сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбындағы КВЕСТ ойыны оқушыларды түрлі қызыққа жетелей отырып, тәрбиелеуге арналған шара болды. Жалпы КВЕСТ ойынын ойната отырып, ойландыратын ерекше әдіс-тәсілдердің бірі десек артық айтқанымыз болмас. «Сөз зерде» танымдық зияткерлік ойындарын да ұстаздар қызықты ұйымдастыра білді. Бұл ойын арқылы оқушылар тілімізде қолданыста жүрген тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдердің мағынасын тереңнен танып меңгерді.
Тілдер мерекесі барысында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Мұзтаудың мұзбалағы» тақырыбында кітапқұмарлар фестивалі де аталып өтті. Аталмыш шарада ұстаздар мен оқушылар жазушы шығармаларынан оқыған, көңілге түйген дүниелерін ортаға салды. Жазушы Оралхан Бөкейдің шығармаларын оқыған жанды ерекше бір толғанысқа салары анық. Кітапқұмарлар фестивалі де жарқын шаралардың бірі болып, оқушы көкейінде қалды. Осы шараның жалғасы іспеттес «Оқуға құштар ұрпақ» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын бренд ретінде дәріптеу мақсатында кітаптар көрмелері ұйымдастырылды.
Жалпы Бұқар жырау аудандық білім бөлімдерінде Қазақстан халқы тілдері мерекесі биылғы оқу жылының бастамасы ретінде өте кең ауқымда аталып өтті. Онкүндік барысында оқушы дүниетанымына қомақты үлес қосатын танымдық шаралар көп болды. Ұлттық ойындар мен ұлттық ән, күйлердің, танымдық посттардың да берері мол болды.
Аталмыш шара оқу жылы бойында өз жалғасын табады.
Мөлдір Қанатбаева,
Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің
әдіскері