
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тіл – ұлттың жаны
16.09.2023
Тіл ұлттың жаны, ең асыл құндылығы. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. 5-қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні.
Бұл күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Атаулы күнге орай Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен кенттік, ауылдық мәдениет үйлері мен клуб меңгерушілері арасында «Тілім - асыл қазынам» байқауы өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру.
Бірінші кезеңде сайыскерлер өзін қысқа метражды бейнеролик түрінде таныстырса, «Өнерліге өріс кең» кезеңінде белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың ұлағатты сөздерінен үзінділер оқылса, «Тіл мәртебесі - ел мерейі» кезеңінде тіл туралы өлең оқылды. Қазылар алқасының төрайымы аудандық мәдениет үйінің әдістеме бөлімінің жетекшісі З.Төлеубаева болса, «Зерде» бейнемобилінің жетекшісі А.Амантайұлы, ақын-сазгер Ж.Елжанов, жыршы-термеші Қ.Майемеровтер төреліктерін айтты.
Қорытындылай келе, жүлделі үшінші орынды Назым Майкөбенова (Ынтымақ АК), Татьяна Сарангова (Ғ.Мұстафин КМҮ), Надежда Тункина (Ростовка АМҮ), Олимпиада Амрашева (Ақтөбе АК), Жанасыл Жомарт (Сарытөбе АК) иеленсе, екінші орынға Бақтыгүл Биболова (Тоғызқұдық АМҮ), Лариса Сабитова (Урожайное АК) табан тіреді. Шешенқара АМҮ меңгерушісі Жанна Борашева бірінші орынды қанжығасына байлады. Ақбел АК меңгеруші Гаухар Молдабаева жеңістің биік тұғыры - Бас жүлдеге қол жеткізді.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілсе, алғыс хат иеленгендерге «Аудан ардақтылары» кітабы тарту етілді.
Қазақтың біртуар перзенттерінің бірі Қадыр Мырза Әли айтпақшы: «Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл». Мемлекеттік тілді құрметеу баршамыздың парызымыз деп санаймыз!
Қазіргі таңда Қазақстан талай жетістіктерге жетіп, біраз елге өз атын таныстырып үлгерді. Жұртымыз тыныш, көңіліміз жай, ұйқымыз алаңсыз. Бірақ бұл мүлдем қиындықтар жоқ деген сөз емес. Біздің мемлекеттің басында да өзгелердікіндей айтып ауыз толтырарлықтай мәселелер толып жатыр, мейлі олар экономика, экология, мәдениет, саясат жағынан болсын. Тек бір адам алға тартып, қалған 17 млн xалық артқа тартса бұлардың жақын арада өз шешімін тауып қатарлары сиреуі мүмкін емес, сондықтан қандай мәселе болмасын оның жауабын табуды өзгелерден емес, өзімізден бастайық.
А.Ерубаева
Ж.Макишевтың суреттерінде: естелікке сурет; Г.Молдабаева, Ж.Борашева.