taza-kaz

Жолдауға қолдау


19.10.2019

Түсіндірме жұмыстары

Қазан айының он жетісі күні аудандық әкімдікте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кең көлемді жиын өтті.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы басшысының бірінші орынбасары Марат Нұрланов пен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті Руслан Ботагариннің жүргізуімен өткен жиынға мәслихат хатшысы Асхат Әли, ардагерлер кеңесінің төрағасы Төкен Арбабаев, мемлекеттік қызметкерлер, этно-мәдени бірлестік мүшелері мен жастар қатысты.

Мемлекет дамуының бағыт-бағдарын айқындаған Президентіміздің алғашқы жолдауы таяуда ғана жарияланғанымен, халық арасында талқыға түсіп, қолдап жатқандар қатары артып келеді. Өзінің стратегиялық құжатында мемлекет басшысы күн санап алуан өзгеріске түсіп отырған заман ағымына сай мемлекет құруға шақырып, сол тиімді мемлекетті құру жолында атқарылуы керек бес міндетті айқындап берді. Р.Ботагарин аталған бес міндеттің әрқайсына жеке дара тоқталып өтіп, нақты әрі түсінікті тілде жолдаудың айқын тұстарын тыңдарманға жеткізе білді.

Қарапайым халықтың күнделікті кездесетін қиындығына басты назар аударған мемлекет басшысының бастамасымен жас мамандарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға көмек ретінде облысымыз көлемінде атқарылып отырған бірқатар жұмыстарға тоқталған Р.Ботагарин баяндамасының соңын:

- Қазақ елі әрқашан бейбітшілікті, тыныштықты, өзара келісімді ұстанып келген халық. Осы жолмен Мәңгілік ел идеясын ұстанып, Мемлекет басшысы ұсынған арнайы бағдарламалар, жүзеге асырылып отырған шаралардың бәрі халыққа жетіп, қолдау тапқан жағдайда ғана үлкен жетістіктерге апаратын болады,- деп тыңдарманды қолдап қана қоймай, өз үлесін қосуға шақырды.

Б.Жакешова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: этно-мәдени бірлестік мүшелері; президиум.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?