
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қоғамымыз сау болсын десек
07.09.2019
Қыркүйек айының 3-жұлдызында Бұқар жырау аудандық әкімдігінің мәжіліс залында ауданның біршама жастарының басын қосқан жиын өтті. Жылы амандықтан соң “Нұрлы білім” қоғамдық бірлестігінің теологы Айдос Абдрашовқа аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Смаилова сөз берді.
Бүгінгі таңда өміріміздің әр саласында өзгерістер жүріп жатыр. Ол өзгерістердің жақсы жағы да, жаман жағы да бар. Жақсысы - жастар Алланың үйлеріне барып, құдайға құлшылық жасап, арақ-шараптан, жаман қылықтардан алшақтап жатса, жаман жағы жастарымыздың біршамасының жат ағымның жетегінде кетіп жатуы. Ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек Ливия, Ирак т.б. елдердегі соғыста жүздеген қазақ жастары, тіпті отбасылары бар. Бесіктен белі шықпаған балалардың өзі “кәпірлерге өлім” деп мылтық кезеніп, жалынның ортасына жүр. Ал олардың әкелері түсініксіз соғыста қаза болып, аналарының тағдырлары талқыға түсіп, туған елге орала алмай, жат елде, жат адамдардың ортасында өмір сүруде.
Баяндамашы көбіне Астана, Тараз, Шымкент қалаларының тұрғындарының өзге елдерге кетіп, қолдарына қару алатынына тоқталды. Оның екі себебі бар - бірі державалардың ұстанған саясаты, екіншісі - онда кеткен адамның сауатсыздығы мен білімсіздігі. 2012 жылғы Ирактағы соғыс онда тұратын халықтың билікпен соғысынан бастау алса, ал Ливиядағы соғыс сүнниттерге қысым жасалғанынан өрбіді деген дерек берілді. Діни жеккөрушілік, салафи мен уваххабизмге бөліну тоқтамайынша, қанды соғыстардың тоқтауы да екіталай. Жеккөрушілік, түсінбеушілік жүрген жерде ешқандай жылы қатынастар болуы мүмкін емес. Және осындай түсініспеушіліктер мен келіспеушіліктер табиғи байлығы бар жерде, мысалға, көбінесе мұнайы бар жерлерде орын алатыны байқалады.
Әрбір адам жасы балиғатқа толғанда жүрегіне иман толтыру мақсатында мешіттерге барады. Мешіт қызметкерлері оларға уағыздар айтып, өмірде қалай жүріп, тұру керектігін, ата-ананы, бауырды, туған-туысты сыйлау, жаманшылықтардан аулақ болу керектігін, айтып түсіндіреді. Онда барғандарды тәрбиелеп, көкірек көзін ашуға барын салады. Осы жастар ата-анасына жақсылық жасап, мейірімді болса, олардың өмір сүріп отырған қоғамына жақсылық жасағаны. Әр адамға өмірі, өмір сүріп отырған ортасы, жері, елі мен қымбат, осының барлығы оларға берілген аманат. Егер олар ата-анасын кәрілер үйіне апарып, бауырларына мейірімін төкпесе, қатігездік танытып жатса, алдымен отбасы, екіншіден қоғам олардан үлкен зардап шегеді.
Ұлы Абай “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват” деп әр адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылады. Ақын заманды қалыптастыратын адамның өзі екенін, сондықтан әркім өзін дамытуға, тәрбиелеуге күш салуы керектігін айтады. Бүтін бір отбасы немесе мемлекет дамиды немесе құлдырау кезеңін басынан кешіреді. Тағдырының жақсы немесе жаман болуын адам өзі таңдап алады. Жүрегінде ізгілік дәні себілсе ол адамның әрекеттері де ізгі, ісінен де, сөзінен де шуақ шашылады. Қоғамы үшін де пайдалы азамат болады. Елі көгереді, жері мен шаруашылығы гүлденеді, дамиды, тек жақсы жағынан көрінеді, баршаның мерейі үстем болады.
Кей жағдайларда жұмысы жоқ, қолы бос жастар жат ағымдағы жандардың қармағына түсіп қалады. Адам баласы нені қызықтаса, сонымен кетеді емес пе?! Жеңіл өмір сүруді көздеген, қиыншылықтан қашатын адам барлық әлемге өкпелі болып, қолына күрек, жанына серік таба алмай және басқалардың айтқанына мойын бұрмай, тек өзін, ойын, өзінің әрекетін ғана дұрыс деп есептейді. Осы ниеті мен ойының жетегімен басқа елге кетіп, от-жалынға оранған қан майданнан бірақ шығады. Артында аңырап ата-аналары, туған-туысы қалады.
Сондықтан, осындай жаманшылықтың алдын алу үшін жастармен кездесулер өткізіліп, жат ағымдардан аулақ жүру, пайдалы іспен шұғылдану керектігін түсіндіретін шаралар ауданымызда жиі өткізілуде. Айдос Қалижанұлы тыңдаушыларға сұрақтар қойып, олардың жауаптарын тыңдады. Әркім өз түсінігін айтып, шара сұхбат түрінде, жылы қатынаста өрбіді.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суретінде: президиум; залдан көрініс.