Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Үгіт-насихат жұмыстары жоспарланды
22.12.2018
Желтоқсанның 12-сі күні аудан әкімінің орынбасары Айғаным Ақпанованың төрағалығымен ауданымыздың ақпараттық-насихат топ мүшелерімен кездесу өтті. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен маңызды мәселелер тиегін ағытқан кездесуге арнайы сала мамандарымен қатар ауыл және ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары, ішкі саясат және жастар саясаты саласындағы қызметкерлер, мәдениет саласының мамандары қатысты.
Ел арасында ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіруді көздеген кездесу барысында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының жолдауы, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жастардың әлеуметтенуі, қоғамдық ортада өздерінің орнын алуы және діни қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілері сияқты тақырыптар қарастырылды. Әр тақырыпқа сәйкес түсіндіру баяндамаларын сала мамандары оқып, қатысушыларға тың дерек беріп, көмекші құралдар таратты.
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына оң бағытты нұсқайтын дәстүрлі Жолдауларында ел тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелерді қозғап, ел тыныштығы мен ынтымақ-берекемізді көздің қарашығындай сақтауды аманаттап келеді.
Елбасының Жолдауын халық арасында насихаттап, ауыл тұрғындарына түсінікті етіп жеткізу әдіс-тәсілдерімен таныстырған жастар ресурстық орталығының ақпараттық-әдістемелік бөлімінің басшысы Светлана Колоскова қазіргі әлем елдеріне орын алған жағдайларды мысалға келтіріп өтті.
- Осыдан бірнеше жыл бұрын тарихта араб көктемі деп аталып, Мысыр, Тунис, Ливия, Сирия сияқты бірнеше мемлекеттің түбіне жеткен революциялық қозғалыстар өтті. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізде дамудың революциялық емес, эволюциялық жолын кеңінен пайдалануымыз қажеттілігін айтқан болатын. Сол революциялар жоғарыда аталған мемлекеттердің ешқайсысына жақсылық әкелмегендігін уақыт дәлелдеп отыр, - деген С.Колоскова еліміздің негізгі күші 30 елдің қатарына кіруге бағытталуы қажет екендігін алға тартты.
Расында, қазіргі әлем елдері өзара жоғары бәсекелестікте қарқынды дамып келеді. Әлем елдерінің көшінен қалып, қарқынына ілесе алмай қалған мемлекеттер біртіндеп шетке ығысып қала бермек. Ал, біз сияқты Қытай мен Ресей секілді алпауыт мемлекеттердің ортасында орналасқан ел үшін әлемдік көштің қатарында емес, алдында болу өте маңызды.
Сонымен қатар С.Колоскова Елбасы Жолдауларында, мақалаларында азаматтық сананы өзгерту, ойлау қабілетін жаңғырту туралы айтылатындығына тоқталып, еліміздің ең басты байлығы адами капитал екендігіне тоқталды. Яғни, озық ойлай алатын, бәсекелестік ортада өзінің мүддесін қорғай алатын азаматтар ертеңгі күні еліміздің дамуына тікелей үлесін қоспақ. Олар өзіндік ойлау жүйесінің ерекшелігімен көш бойы озық тұрады.
Баяндамашы қазіргі уақытта интернет сайттарында қаптап жүрген, ұлт бірлігіне іріткі салатын бейнематериалдардың ырқына көнбей, бүгінгі бейбітшілігімізбен ынтымақ-берекемізді сақтауға шақырды.
Еліміздің дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіруі үшін оның экономикалық дамуы қарқынды болуы қажет. Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен мемлекеттік қолдау шараларының негізінде шағын және орта бизнес нысандары ашылып, қосалқы шаруашылықтарға субсидиялар, жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған. Елімізде бірнеше жылдан бері барлық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жұмыс жасап келе жатыр. Кездесу барысында ақпараттық топ мүшелеріне мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде палатаның жергілікті филиал маманы Бахтияр Жаңбырбаев ақпарат беріп, несиелендіру шарттарымен таныстырды.
- Бүгінгі таңда елімізде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша несиелендіру қарқынды жүргізілуде. Оның негізгі шарты «Бизнес бастау» атты кәсіпкерлік қыр-сырын үйрететін арнайы курсты оқып, сертификат алып шығу. Содан кейін ғана жеңілдетілген несиелерді алуға болады, - деп кәсіпкер атану алгоритмімен таныстырды.
Сонымен қатар, Б.Жаңбырбаев мемлекеттік бағдарламаларға қатысты субсидиялар берілетіндігін, атаулы жұмыс барысында каникулдар қарастырылғанын толық түсіндіріп өтті. Айта кету керек, палата мамандары курсты оқып шыққан азаматтарға кеңесші болып, бизнес-жоспарларды дайындау, жобаны қорғау кезінде көмек көрсетуге дайын.
Мемлекеттік қолдау шараларымен айналысатын аудандық мекемелердің бірі - жұмыспен қамту орталығы. Кездесу барысында орталық маманы Зарина Жексенбаева "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының бағыттарына тоқталды.
- Атаулы бағдарлама үш бағытта жұмыс жасайды. Оның бірінші бағыты бойынша кәсіби білім беру қарастырылса, екінші бағытта ауыл шаруашылығына, тұрғындарға қызмет көрсетуге, яғни шағын және орта бизнесті дамытуға арнайы қаржылай несие беру шаралары қолға алынған. Сонымен қатар, бүгінгі таңда бағдарламаның үшінші бағыты жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған жас мамандарды жастар практикасы бойынша жарты жылға жұмысқа тұрғызуға бағытталған, - деді.
Жастар мәселесіне кеңінен тоқталғандардың бірі жастар ресурстық орталығының директоры Ертарғын Құрашев болды. Ауыл жастарының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына тоқталып, ауыл әкімдігінде жұмыс жасайтын мамандар мен кітапхана, клуб меңгерушілеріне жастардың өтініштеріне құлақ аса жүрулерін сұрады.
Орталық директоры баяндамасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, ауыл жастарының спортпен айналыса алатын ғимараттарының болуы сияқты мәселелерді қозғап, арнайы спорт кешенінің жоқтығынан мектептің дене шынықтыру залын пайдалануға беру қажеттілігін алға тартты.
- Ең бастысы, көмекке зәру жастар сіздер мен біздердің назарымыздан тыс қалмауы қажет. Егер өз іштеріңізде шеше алмайтын болсаңыздар, аудандық жастар кеңесінің күн тәртібінде қарайық, - деп шақырды Е.Құрашев.
Соңғы жылдары елімізде ғана емес, барша әлем елдерінде радикалды діни ағымдар кең өріс алып, қоғамның түрлі салаларына өз залалын тигізіп келеді. Аудандық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне Қарағанды облысының дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы сараптамалық және ақпараттық-түсіндіру, талдау орталығының бөлім басшысы Гүлнар Далабаева баяндама оқып, ақсақалдар кеңесі мен әжелер институты туралы тоқталды. Баяндамашының айтуынша, ақсақалдар мен әжелер теріс ағымға еніп кеткен жанұяларға барып, ата-бабамыздың салт-дәстүрімен, қалыптасқан әдет-ғұрыптарымен жүруге шақырып, әңгіме жүргізді.
- Қазіргі қоғамымызға эмпатия жетпейді. «Эмпатия» ұғымы өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Өзге діни ағымдардың қатарына кіріп кеткен тұлғалардың жан дүниесін түсіне отырып, оларға қолдау көрсету өте қажет, - деген Г.Далабаева, экстремистердің психологиялық портретін жасап, залмен жұмыс жасады.
Теріс пиғылды діни ағымдардың қоғамымызда дендеп жайылуы, тұлғалардың теріс жолға кетуінің алдын-алу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Г.Далабаева қоғамымыздың әрбір азаматы өз тарапынан діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдарға қолдау көрсете білуі қажет екендігіне тоқталды.
Алдағы жылдың мақсат-міндеттерін айқындаған ақпараттық-насихат тобының мүшелері өздерін қызықтырған сауалдарын мамандарға тікелей қойып, өз елдімекендерінде жұмысты жоғары деңгейде жүргізетіндіктерін айтып тарқасты.
Н.Әбікеева
Ж.Мақышевтың суреттерінде:





