taza-kaz

Үгіт-насихат тобы


22.09.2018

Аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары З.Жексенбаева мен З.Махаева «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру бағытында Петровка ауылдық округі мен Байқадам ауылының тұрғындарымен кездесті. Ақпараттық кездесуге қатысқан ұстаздар қауымы мен 9-11-сынып оқушылары өз сұрақтарына жауап алды.

Екі ауылда өткен кездесуде тыңдарманның көбі мектеп оқушыларынан құралғандығын ескере отырып, 9-11 сынып оқушыларына жұмыспен қамту орталығы тарапынан қандай көмек көрсетілетіндігіне тоқталып өтті мамандар. Бүгінде ҰБТ-дан қажетті ұпайды жинай алмай, ақылы оқу орнына түсуге отбасылық жағдайы жетпейтін оқушыларға мемлекет тегін оқуды ұсынады. Бұл тегін оқу орындарында жас түлектер қазіргі қоғам үшін қажетті деген мамандықтар бойынша білім алады.

Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтар мен аз қамтылған отбасылар үшін қысқа мерзімді курстарда білім алып, өзінің жеке кәсібін ашуға немесе ісін кеңейтуге арналған 6 пайыздық несие беріледі. Ол үшін, әрине, сіздің кепілдікке қоятын үйіңіз болуы керек. Сіздің кепілдігіңіз алатын несиеңізден 2 есе қымбат тұруы шарт.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты - жастар тәжірибесі арқылы жұмыссыз жүрген арнайы білімі бар тұлғаларды жұмыспен қамту мәселесі түсіндірілді.

- Бүгінгі кездесуде айтылған мәселелер барысында және де тағы да басқа сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады. Және де жастар тәжірибесіне қатысу, мамандығы бойынша жұмыс іздеуге мол мүмкіндік беретін enbek.kz электронды еңбек биржасының жұмыс істейтіндігін ескерткіміз келеді,- деді З.Жексенбаева.

Кездесу соңында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бағытында қысқаша ақпарат беретін парақшалар таратылды.

Дәл осындай кездесу Жаңаталап ауылында да өтіп, тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жасалды. 

 

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?