
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жастар үшін тәлімді шара
18.05.2024
Сәуір айының 29-жұлдызында Ботақара кентіндегі С.Торайғыров атындағы тірек мектебінің ғимаратында «Жаһандық құзіреттіліктер және медиа сауаттылық» атты лекторий өтті. Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы ММ, Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің қолдауымен, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Смайылованың қатысуымен оны Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, әдебиетттанушы ғалым, сыншы Жандос Қожахметұлы Смағұлов жүргізді. Шараға мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Медиа сауаттылық білімі бұқаралық ақпарат құралдарының әсері туралы хабардар болуға және БАҚ-тарды тұтынуға да, құруға да белсенді көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Медиа сауаттылық туралы ақпарат кейде бұқаралық ақпарат құралдарының жағымсыз жақтарын, соның ішінде медиа манипуляцияларын, жалған ақпараттарды, жыныстық және нәсілдік стереотиптер және олар туралы алаңдаушылық, жеке өмірді жоғалтуға сенімсіздік, киберқауіпсіздік және интернет жүйесіндегі жыртқыштық әрекеттерден қорғануға бағытталады. Медиа сауаттылықты қалыптастыру медиа мен технологияны пайдалану үлгілері бойынша білім мен құзіреттілікті қалыптастыру арқылы халыққа медианы тұтыну әдеттері мен пайдалану үлгілері бойынша дұрыс таңдау жасауға көмектесу арқылы қорғаныс түрлерін ұсына алады.
Медиа білім беру – осы жоба бойынша білім алушылардың бұқаралық байланыс заңдылықтарын оқуын жақтайтын бағыт. Негізгі міндеті – жалпы жұртшылықты, оның ішінде жас ұрпақты қазіргі ақпараттық заман талаптарына техникалық құралдар мен қазіргі ақпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілдеріне үйрету болып табылды.
«Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» тұсынан қарағанда, шешендік өнерге байланысты айтатын болсақ, қазақ халқы түрме салмаған, үйіне құлып салмаған, ату жазасы деген болмаған. Осының барлығын шешендікпен ердің құнын екі ауыз сөзбен бағалайтын әр ру мен тайпаның билері болған. «Жеті Жарғыда» жазылған заңдарға тоқталғанда, жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеу, қан тазалығын сақтау бірінші орындағы жетістік екенін айтады баяндамашы. Сақ, ғұн, Түрік қағанаты кезінен бұзбай ұстап келгені ұлттық қасиетті сақтап қалғаны да айтылды. Жер мен жесір, құн, ар дауын би-шешендер екі ауыз сөзбен шешіп отырған.
Қалқаман мен Мамыр төрт атадан қосылады, сондықтан олар ағасы мен қарындасы деп есептеледі, Мамырдың ағасы Көкенай қарындасын атып өлтіріп, Әнет бабаға келіп, мен өз тентегімді жазаладым, сен енді өз тентегіңді жазала дейді. «Жеті Жарғыдағы» ата салттың бұзылмауы, халықтың тиымды бұзбауы ешқашан назардан тыс қалмағанын айтады.
Құнанбай Қодар мен Қамқаны жазалады, өйтпесе ұлттық қадір мен қасиет жоғалады.
Қытайлар да төрт атаға дейін қыз алмау туралы Заң шығарады. Оны біздің қазақ ұлты атам заманнан бастап берік ұстанып келеді. Еңлік пен Кебек бір жыл бойы қашып жүрді. Оларға ешкім қорған болмады. Ғашықтарды ұстап алыңдар да жазалаңдар дейді үлкендер. Олар балалы болады. Ол баланы не Тобықты, не Найман руы алмады, бала үңгірде ит пен құсқа жем болып өледі.
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дегенге дәлел, қытайдың бір аймағының бас шысының қызы қытайға тұрмысқа шығамын дейді. Шықпа деп қанша айтса да, қызы тыңдамайды. Осы ұзату тойында әкесі қызын пистолетпен атып тастайды. «Бұл ұзату тойы емес, бұл жаназа, ішіңдер, жеңдер» деп шығып кетеді. Бұдан соң қазақтың қызының қытай жігітіне шығуы тоқтайды.
Көркем шығарма мен өмірлік шындық ешқашан сәйкес келмейді.
Латын Америкасында туыс адамдардың бір-бірімен үйленуінен ұлттың азып-тозғанын жазған Габриель Гарсиа Маркестің кітабына Нобель сыйлығы берілген. Баяндамашы Нобель сыйлығын ол жазушыға емес, қазақ ұлтына беру керек дейді.
Құнанбай Абайға сен шалшық су сияқтысың дегенде, Абай қолында құралы жоқ адамдар ала алмайтын құдықтағы су болғанша, шалшық су болайын дейді. Бұл жерде Құнанбайдыкі дұрыс, әр адам өзін сыйлауы керек, өзін сыйлаған адамдар басқаны да сыйлайды деген болатын Жандос Қожахметұлы.
«Тірі болсам ұлтыма қызмет етпей қоймаймын» деген Әлихан Бөкейханов жер мәселесін бірінші орынға қойған. Оның бірінші ұстанымы жер, жер және жер. Екінші ұстанымы – жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн, сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру.
Қазақтың алшаң басып жүргені жеріміздің арқасында. 50 миллион курдтың өз жері жоқтығы да мысалға келтірілді. 20-жылы қазақ шекарасын бекіту бірінші орынға қойылды.
Ең ұлы күрес – ел мен жер үшін болуы керек. Шет елдерден бітіріп келген мамандар қазаққа қызмет жасамайтынын, өйткені мінез жоқтығын тілге тиек етті. Бүкіл ел болып жемқорлықпен күресіп жатырмыз. Табандылық жоқ мамандар елді осындай жағдайға алып келді. «Жардың жиегінде тұрмыз, мәселе осында» деп қорытты сөзін баяндамашы.
Шара соңында оқушылар мен ұстаздар баяндамашыға сұрақтар қойды.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: лекторий жүргізуші қонақтар; көрермендер.