
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ақпарат берді
16.09.2023
Тамыз айының 31-жұлдызында кентіміздің мәдениет үйінде Қарағанды облысының ҮЕҰ ақпараттық-білім беру орталығының басшысы Серік Мәлібекұлы Санаубаев ауданымыздың мекемелері мен ұйымдарының мамандарымен кездесті. Шараны Бұқар жырау аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Арғын Теміржанов ашып, сөз кезегін қонаққа берді. Үкіметтік емес секторда ұзақ жыл бойы еңбек еткен басшы қазіргі таңда Қарағанды облысы Кәсіпкерлік қауымдастығының атқарушы директоры болып қызмет етеді.
-Үкіметтік емес сектор ретінде 1998 жылы ашылдық. Қоғамдық сектор болып еліміз бойынша бірінші болып ашылып, осы уақытта 25 жыл қызмет жасап үлгеріп, өзіміз үшін көптеген тәжірибе жинақтадық. Біздің міндетіміз – кәсіпкерлерді қолдау, көмектесу, облыстың қоғамдық жұмыстарына араласу. Қоғамымыздағы адамдар бар жұмысты атқарып жатыр. Осы тұрғыдан алғанда әріптес, серіктес болып бірге жұмыс жасаймыз, олармен үнемі тығыз байланыстамыз. Үкіметтік емес ұйымдарға кеңес береміз, барып сөйлесеміз. Мемлекеттік органдардың бәрі де үкіметтік емес органдармен жұмыс істеуге толығымен дайын деп айтуға болады. Алайда, қоғамымыздағы адамдардың белсенділігі нашар. Анау жоқ, мынау жоқ дегеннен аспайды көптеген адамдар. Сын айтқаннан гөрі өзің сол кемшіліктерді жоюға тырысқан жөн.
Жуырда Абай ауданында болғанда бір тұрғын біздің ауданда концерттер болмайды деген ренішін айтты. Мен ол кісіге үкіметтік емес ұйым ашып, концерт жобасын жасап, өздерің халықты қуантыңдар, концерттік бағдарлама жасаңдар деген кеңесімді айттым. Үкіметтік емес ұйымдар ашылып, белсенділік танытып, халыққа қызмет көрсету керек, - дейді.
Аталмыш кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Арбабаев қатысты.
Үкіметтік емес ұйымдар – үкіметтен тәуелсіз жұмыс істейтін, қоғамдағы маңызды мәселелерді алдыға шығарып, оларды шешуге ұмтылатын еріктілер тобы құрған ұйымдар. Бұл ұйымдар жергілікті, ұлттық және дүниежүзілік деңгейде құрыла алады. Қазақстан Республикасында барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5 мыңға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. Оларды қолдайтын Тұжырымдамасы да бекітіліп қойған.
Үкіметтік емес ұйым құруға он адам болу керек, халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарыңыз он бес минут ішінде дайын болады дейді. Жақсы жобаларды жүзеге асырған ұйымдарға бес миллионға дейін сыйақы да беріледі екен. Биылғы жылы үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы болады екен. Көптеген лауазымды адамдар қонаққа келеді. Қарағанды қаласындағы Достық үйінде 17-қыркүйекте форум жұмысы дүбірлейтін болады.
Жалғыз мемлекеттік органдар барлық жұмысты үлгеріп істей алмайды. Сондықтан, оларға көмекке үкіметтік емес ұйымдар келе алады. Бұл жұмыста ең басты мәселе – қаржы, ол үшін гранттар ойнатылады. Сол гранттарға қатысуға болады. «Көз қорыққанмен, қол батыр», жұмыс біте береді. Қазіргі уақытта бірлесіп жұмыс істеген дұрыс. Әлеуметтік тапсырыстарға қатысып, алдын ала жобалар жасап, ақшасын есептеп, мен мынаны істегім келеді деп ұсыныс жасап, біршама ақшаны алуға болады. Жастардың басында жақсы ойлар мен идеялар көп. Сондықтан, әкімдіктер жастарға ақшаны бергісі келеді. Оны оқырман қауым көріп, куә болып жүр.
Үкіметтік емес ұйымдар жасайтын жұмыстар халыққа керек. Айта берсең қол жеткен жетістіктер өте көп.
Кездесу мақсаты – Қазақтанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі ролін арттыру болып табылады. Ол үшін тиісті өңірлік бағдарламалар да бекітіліп қойған. Ал мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге жол бермейді.
Осы күні кездесуге жиналған жастар Серік Мәлібекұлына сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.
Қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл етуі, олармен келісімдер жасауы мүмкін мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауы әбден мүмкін екенін түсіндік осы айтылғандардан.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суретінде: жұмыс сәтінен көрініс.