
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Білікті маман – Айгерім
18.05.2024
2013 жылдан бері күнтізбемізге кәсіби мереке ретінде енген мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай ауданымыздың рухани дамуына, мәдени мұрамыздың дәріптелуіне үлес қосып жүрген, шығармашыл жерлесіміз Айгерім Хайыржанқызы Тұрсыновамен (Акжиева) қалың оқырманды таныстырмақпыз.
1999 жылы сәуір айында дүниеге келген Айгерім Хайыржанқызы Керней орта мектебінің түлегі. Ол 2014 жылы 9 сыныпты аяқтап, Қарағанды қаласындағы коммерциялық колледжіне іс жүргізуші және мұрағаттанушы мамандығына оқуға түседі. 2017 жылы аталған оқу орынын аяқтап, Керней ауылының әкімшілігінен жастар практикасынан өтеді. Айгерімнің осы сәтте еңбек жолы басталады. 2018 жылы Керней ауылдық үлгілі кітапханасына кітапханашы болып орналасады. 2019 жылы белгілі бір себептермен жұмыстан шығады. 2020 жылы шілде айында мәдениет саласына қайта оралып, бүгінгі күнге дейін қызметін жалғастырып келеді.
Айгерім Тұрсынова 2020 жылдан 2021 жылға дейін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің сайт редакторы қызметін атқарып, 2021-2022 жылдары кітаптарды өңдеу және жинақтау секторында кітапханашы қызметін атқарады. 2022 жылдан осы уақытқа дейін кітапханаларды дамыту бөлімінде әдіскер болып қызметін жалғастырып келеді.
- Мен жас маман ретінде ауылға оралғанымда қолдау көрсетушілер көп болды. Солардың бірі сол кездегі ауыл әкімі Төлеген Жанатұлы Ргебаев еді. 2018 жылы Төлеген Жанатұлының ұсынысымен Керней ауылдық үлгілі кітапханасына кітапханашы қызметіне келдім. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының міндетін атқарушы Г.Жұмкенованың қолдауымен және экономика басшысы мен мамандарының арқасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен баспаналы болдым. Мен өзім сүйетін, бар ынта-ықыласыммен жасайтын қызметке ие болдым және осы қызметімнің арқасында алғашқы баспанамның кілтін алдым, - дейді Айгерім Тұрсынова.
Қызметін тап-түйнақтай етіп атқара отырып, 2023 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінен кітапханашы мамандығы бойынша диплом алған Айгерім Хайыржанкызы үздік қызметі үшін 2023 жылы мәдениет бөлімінің, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Рухани қазына ордасы – кітапхананың дамуы мен жаңаруы жолында кітапханаларды дамыту бөлімінің ерен еңбегі жатқандығын айта кету керек. Бұл жауапкершлігі жоғары қызметті атқарып жүрген мамандардың еңбегі көп жерде аталмай, жазылмай қалады. Өздерінің үлкен жобаларымен кітапхана тынысына өзгерістер әкеліп жүрген кітапханаларды дамыту бөлімі кітапханаларға әдістемелік бағыт-бағдар беретін бірден-бір орталық. Осы бөлімнің білікті қызметкерлерінің арқасында кітапханаларымыздың қызметі жаңашаланып, жанданып келеді.
Тапсырылған әр істі тап-тұйнақтай атқарып, әр нәрсені есеппен, жүйемен жасап, жоба-жоспарсыз ешбір істі бастамайтын Айгерім дәл осы қызметінде мығымдығымен бағалы. Жора-жолдастары, әріптестері оны іскерлігі, адалдығы, адамгершілігі, еңбекқорлығы үшін құрмет тұтып, сыйлайды. Ата-анасынан ал-ған өнегелі тәрбиесі, білімімен қызметте өз тәжірибесін көрсетіп, мәдениет саласын терең игеріп, осы саланың жілігін шағып, майын ішкен кәнігі маман болған кейіпкеріміз:
- Менің әр жеткен жетістігім ортамда ұятқа қалмайтын тәрбие берген ата-анамының, білім берген ұстаздарымның, әркез қолдап, білмегенімді үйретіп, түсінбегенімді көрсетіп жүрген әріптестерімнің арқасы. Бәрін бірден біліп тумаймыз. Білікті де, білімді маман болу тәжірибемен келеді. 6 жылға жуық әртүрлі салада қызмет атқарып, біліктілігімді арттырсам да, менің үйренерім көп,- дейді Айгерім Тұрсынова.
Адамзаттың рухани деңгейін көтеретін, ұлылығын көрсететін, қоғамның дамуына қажетті негізгі салалардың бірі болып саналатын мамандықты тізгіндеген кейіпкеріміздің қызметіне шығармашылық шабыт тілейміз.
Б.Жакешова
Суретте: А.Тұрсынова.