taza-kaz




Жұмақаева Алия Саятқызы
директор-редактор

Білімі: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 1998 жылдың тамыз айынан бастап «Сарыарқа» (қазіргі «Бұқар жырау жаршысы») газетінде корреспондент, 2006 жылдың қараша айынан бастап «Бұқар жырау жаршысы» газетінің директор-редакторы.

Қарағанды облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Алтын Сұңқар» сыйлығының «Алғашқы қадам» номинациясының иегері (2009 жыл). Бұқар жырау ауданы әкімінің, «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Абзалдинова Нағима Нұрсұлтанқызы
бухгалтер

Білімі: Алматы экономика және статистика академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 2003 жылдың ақпан айында сол кездегі «Сарыарқа» газетіне (қазіргі «Бұқар жырау жаршысы» газеті) корректор мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды. 2004 жылдың қазан айынан бастап қазіргі күнге дейін бас бухгалтер лауазымында еңбек етуде.

Бұқар жырау ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

 

Ильясова Светлана Александровна
оператор-беттеуші

Білімі: Можайск қалалық орта кәсіби-техникалық училищесін «оператор-программист» мамандығы бойынша, ал Қарағанды көпсалалы гуманитарлық-техникалық университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 1986 жылдың қыркүйек айында сол кездегі «Знамя Ильича» (қазіргі «Бұқар жырау жаршысы» газеті) газетіне жұмысқа тұрып, қазіргі уақытқа дейін «оператор-беттеуші» қызметін атқарып келеді.

Бұқар жырау ауданы әкімінің алғыс хатымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Богданцева Зоя Петровна
орыс тіліндегі корректор және газет корреспонденты

Білімі: Қарағанды педагогикалық институтын орыс орыс тілі және әдебиеті ұстазы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 1969 жылдан бері «Знамя Ильича» газет редакциясында жұмыс жасайды. 1984-1994 жылдары аралығында атаулы газеттің редакторы. 1996 жылдан 2003 жылдар аралығында Бұқар жырау аудандық әкімдігі аппаратында қызмет жасаса, 2003 жылдан бері «Бұқар жырау жаршысы» газетінде еңбек етуде.

Қарағанды облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Алтын Сұңқар» сыйлығының ауыл шаруашылық кешендерін дамыту тақырыбын ұтымды жариялау номинациясындағы жеңімпазы. Қарағанды облысы әкімінің, Бұқар жырау ауданы әкімінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Ахметова Құралай Жұмабайқызы
корреспондент

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша аяқтаған.

Жұмыс тәжірибесі: 1998 жылдан бастап аудандық «Сарыарқа» (қазіргі "Бұқар жырау жаршысы") газетінде тілші болып жұмыс істеп келеді.

Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының номинанты. Бұқар жырау ауданы әкімінің алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Курбанова Татьяна Филипповна
корреспондент

Білімі: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 1993 жылы Тельман ауданының «Рассвет» газетінің редакциясына корреспондент-корректор болып жұмысқа қабылданып, 1997 жылы ҚР Президентінің Қаулысымыен Ульянов және Тельман аудандарының бірігуімен, Бұқар жырау ауданының «Сарыарқа» газетіне ауысады. Қазіргі уақытта «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінің корреспонденті болып қызмет жасайды.

Бұқар жырау ауданы әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының алғыс хат, грамоталарымен марапатталған.

 

Әбікеева Назерке Мадиярқызы
корреспондент

Білімі: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 2013 жылдың қарашасынан бастап «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінің тілшісі болып істейді.

Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының «Алғашқы қадам» номинациясы бойынша номинанты (2016 жыл). Бұқар жырау ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

 

Аңсарова Ботагөз Тұрсынқызы
корреспондент

Білімі: академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 2016 жылдың тамыз айынан бастап «Бұқар жырау жаршысы» газетінде корреспондент болып жұмыс жасайды.

Бұқар жырау ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

 

Торжанов Данияр Жұманұлы
жүргізуші, фотокорреспондент

Білімі: бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясы жанындағы колледжын тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 2012 жылдың қазан айынан бастап газет редакциясында жүргізуші болып істейді. Негізгі жұмысына қосымша фотокорреспондент ретінде жұмыс жасайды.

Бұқар жырау ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

 


Дата редактирования: 23 Наурыз 2025

Последние новости


Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Газеттің
соңғы
нөмірі
.pdf
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?