taza-kaz




А.Байтұрсынов «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген газет қоғамдық өмірдің шынайы жаршысы. Әсіресе өңірлік басылымдар облыста, республикада кездеспейтін, ауыл адамдарының өмірін суреттейтін шынайы материалдарымен құнды.
Осынау мақсатта алғаш рет 1939 жылдың 12 сәуірінен бастап «Социалистік өмір» газеті шыға бастады.
Сол кездегі Ульянов ауданының тыныс-тіршілігін жариялаған газет 1962 жылға дейін жарық көреді. 1965 жылы оның атауы «Знамя Ильича» деп өзгертіліп, Қазақстан Компартиясы комиететі мен халық депутаттарының аудандық кеңесінің газетіне айналды. 1981 жылдан бастап газет Қарағанды облыстық полиграфиялық баспасының «Офсет» өндірістік бірлестігінің типографиясында офсеттік әдіспен шығарылды.
«Знамя Ильича» газеті - социалистік жарысты үздік жариялау Бүкілодақтық конкурсының жеңімпазы, 1980 жылы «Журналист» журналының дипломымен марапатталды.
Газет кейіннен 1994 жылдын 5 ақпанында орысша «Знамя Ильича» газетімен қазақша «Сарыарқа» газеттерінің бірігуімен «Сарыарқа» атауымен шығарылымын жалғастырды. 1997 жылы Тельман және Ульянов аудандарының бірігуімен газет «Сарыарқа» атауымен шыға бастады.
Газетке айтарлықтай үлес қосқан бірінші жетекшілер мен редакторлар арасында Василий Степанович Еськов, Николай Иванович Блудчий, Зоя Петровна Богданцева және т.б. бар.
Ел тәуелсіздігін алған жылдарында өңіріміздің ақпарат қарлығашына, қалың оқырман көзінің қарашығына айналған «Сарыарқа» газетінің атауы 2013 жылдың сәуір айында оқырман қауым ұсынысымен «Бұқар жырау жаршысына» өзгертілді.
Бүгінде екі тілде шығарылып, ел егемендігіне, тіл тіршілігіне, салт-дәстүр салтанатына, ақтаңдақ ақиқатына, ағайын бірлігіне дәнекер болған «Бұқар жырау жаршысы» газеті 2006 жылдан бастап Әлия Саятқызы Жұмақаеваның басшылығымен шығуда.
Осы жылдар ішінде Ә.Жұмақаева бастаған З.Богданцева, Ә.Ахметова, К.Бейғамқызы сияқты газет қызметкерлері әр жылдарда бірнеше мәрте "Алтын сұңқар" облыс әкімінің сыйлығын иеленіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, өңірдегі өзекті мәселелер, ауыл шаруашылығын дамыту тақырыптарын өтімді жеткізгендері үшін марапатталды.

 


Дата редактирования: 23 Наурыз 2025

Последние новости


Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Газеттің
соңғы
нөмірі
.pdf
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?