taza-kaz

Еңбекпен нанын тапқандар


30.06.2023

Жаңаталап ауылында Берік және Дана Курбаевтардың отбасы тұрады. Бала тәрбиелеп отырған отбасы тұрған ауылдарына сыйлы, қиын өмірлік жағдайға душар болып қалғанда мемлекетіміздің көмегіне қол жеткізген отбасылардың бірі.

Ауыл әкімдігінің бас маманы Гүлмира Мұқанова:

- Ауылда еңбек етуден жалықпайтын отбасылардың бірі - осы Беріктің отбасы.  Үкіметіміздің Азаматтардың әлеуметтік жағдайын өсіру үшін кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы көмегін пайдаланып, грант ұтып алып, отбасының керегіне жаратып жүрген жандарға өте ризамыз. Еңбек десе құлшынып тұрған осындай адамдардан ауыл адамдары үлгі алса екен, - дейді.

Біз осы отбасына барып, танысатын ниетімізді білдірген соң, ол кісі ертіп апарды. Құстың ұясындай жылы шаңырақтан жылындық, жүргізіп жатқан шаруашылықтарын аралап көрдік. Үйдің бір бұрышында тауықтар қамалып тұрса, енді бір бөлігінде жылыжай орналастырып қойыпты, онда қияр өсіп, үзіп алуға жетіп қалыпты.

Отағасы бүгінде көкөністер суару жұмысында жүр. «Еңбек бәрін жеңбек» дейді дана халқымыз. «Ерінбеген етікші болады» деген сөздер және бар. Бұл отбасының адамдары әрбір тиынның бағасын біледі, қолына түскен әрбір қаражатты үнемдеп жұмсайды. Содан да болар, бүгінде істері өрге басып, 2021 жылы 558 мың теңгелік грантты ұтып алған отбасы мүшелері мына заманның тегеурініне төтеп беріп жатыр.

Еңбек – ата-ананың баласының бойына бала жасынан сіңіретін жақсы қасиет. Еңбек еткен адамның қолы қимылдайды, ал бұл отбасының мошылықта өмір сүруіне алып келеді. Өз отбасында ата-ананың иіліп еңбек еткенін көрген, өзі де оларға көмек беріп өскен бала әрқашан еңбексүйгіш болып өседі. Таза пейілді, еңбекқор болған бала өскенде адал еңбегіне сенеді, сол еңбегімен үлкен жетістіктерге жетеді.

- Тауықтарымның жұмыртқасын дүкендерге қойып, үйден тұтынушыларға қияр сатып отбасына молшылық жасап жатырмын. «Алма піс, ауызға түс» деген дұрыс емес қой, өз еңбегіңмен тапқан ас әрқашан дәмді, - дейді Дана бізбен әңгімесінде. 

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреттерінде: жеке шаруашылығында; Дана Курбаеваның.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?