Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Мемлекеттік гранттарға өтінімдер қабылдау басталады
11.02.2023 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» аясында ағымдағы жылдың 20 ақпан – 3 наурыз айы аралығында мемлекеттік гранттарға өтінімдер қабылдау басталады.
Мемлекеттік грантқа қатысушылар:
- еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
- қоныс аударушылар;
- қандастар;
- атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақылар алушылар;
- асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар.
Мемлекеттік грантқа қатысу үшін өтінімдер enbek.business.kz порталы арқылы беріледі.
Грант мөлшері 400 АКМ (1 380 000 теңге). Гранттар бір рет беріледі.
Грант алуға үміткерлер болып табылады: жұмыссыз адамдар немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер.
«Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың болуы қажет.
Гранттар келесі мақсатқа беріледі: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Толық ақпарат алу үшін келесі мекенжай бойынша хабарласуларыңызға болады: Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 56 А, байланыс нөмірлері 8 (72154) 22339, 21006, электрондық пошта: bj.centr_zanyatosti@mail.ru
Ж.Тұрсынбеков,
Бұқар жырау ауданы
жұмыспен қамту
орталығының
маманы





