taza-kaz

«Алғашқы жұмыс орындары» жобасына қатысыңыздар


16.07.2022

Бұқар жырау ауданының орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектерінің, жұмыс тәжірбиесі жоқ NEET санатындағы жастар үшін.

Бұқар жырау ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл жоба алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс тәжірибесі жоқ 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған жұмыссыз жастар, оның ішінде жұмыс тәжірбиесі жоқ NEET санатындағы жастарды қамтиды.

«Алғашқы жұмыс орындары» жобасының талабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен жас маманды кемінде 1 жыл 6 айға тұрақты жұмысқа қалдыру жөнінде келісім жасайды.

Осы жобамен жұмысқа орналасқан жастар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері 91 890 теңгені құрайды.

«Алғашқы жұмыс орындары» жобасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Толық ақпаратты Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 56 А мекенжайынан және 8 (72154) 2-10-06 телефоны арқылы білуіңізге болады.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?