Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Көше көркі– көпке абырой
Аудан орталығы Ботақара кенті жыл санап көркейіп келе жатыр.
Аудан орталығы Ботақара кенті жыл санап көркейіп келе жатыр. Биылғы жылдың өзінде кентіміз бойынша біршама ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өңіріміздің сәнін ашқан жөндеу жұмыстары қатарында көп пәтерлі үйлердің жөндеу жұмыстары да бар.
Бұқар жырау бабамыздың атындағы басты көшеде, орталықта орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» бағдарламасы аясында ағымдық жөндеуден өтті. Тұрғындар көп шоғырланатын халық банкі, дәріхана, шаштараз, дүкендер - әлеуметтік нысандар маңындағы бұл тұрғын үй көптің көзіне бірден түседі. Бұған дейін қабырғаларының түсі кетіп, қопсып түсе бастаған тұрғын үй сұрықсыз қалыпта тұрған еді. Бүгінде аяқталуға шақ қалған жөндеу жұмыстарынан кейін әп-сәтте жарқырап шыға келді.
Көк аспан түстес тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына 4 млн 481 мың теңге қаражат жұмсалған. Бас көшедегі тұрғын үйдің көрікті қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер – «Тұмар» жеке кәсіпкерлігі.
Қандай болмасын кент, ауылдық округтерде жаз айларында басталатын құрылыс, жөндеу жұмыстары екі қолға бір күрек таппай отырған тұрғындар үшін маңызды. Олай деуімізге себеп, осындай жобалар арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген жерлестеріміз тұрақты жалақысы бар жұмыспен қамтылады. Бұл жолы да жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 жұмыссыз кент тұрғыны аталған инфрақұрылымдық жоба аясында жұмысқа орналасқан.
Жаңартылған дүние әркез көзге оттай басылып, «маған қарай түс» дегендей өзіне тартып тұрады емес пе? Күнделікті күйбең тіршілікпен көше бойында ағылып жүрген жерлестеріміздің ішінен Айман Қужақова әпкеміз кентімізді көріктендіру мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға байланысты өз ойын білдірді:
- Елімізде орын алған індетке қарамастан қарқынды түрде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары әрине қуантады. Мінекей, көп көзіне түсетін тұрғын үйіміз, бірнеше мекемеге пана болып отырған қазақ мектебінің ескі ғимараты көптен күткен жөндеуден өтіп жатыр. Әлі де аяқталмай жатқан дүниелер көп. Кентіміздің көркін ашар ғимараттардың қанық түстерге түсіп, әрленіп жатқандығы қуантады,- дейді.
Әр елді мекеннің көріктілігі онда тұратын адамдарға байланысты. Бұқар жырау атындағы ауданымыздың таза, көркем, алыстан көз тартуы үшін алдымен білек сыбана өз үйіміздің жанын тазалаудан бастауымыз керек. Әрбір мекеме мен ұйым да тазалықты өз жұмыс орнынан, аумағынан бастаса, ауданымыз арқылы транзитті жолдармен өтіп жатқан адамдар да осы жақсылығымызды өзінің тұратын жеріне апарып, көпке жария қылатыны анық.
Одан бөлек, әрбір шаңырақ астында желкілдеп өсіп келе жатқан балдырғандарымыз да бізбен бірге жүріп, тазалық жұмыстарын үйреніп алады. Өздерінің білім шаңырағын да таза ұстауға бала жасынан үйренеді. Осыны әрдайым есімізде сақтайық.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суреттерінде: жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.





