
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Халқы сүйген қаламгер» аудандық байқауы өтті
25.05.2023
Елімізде ұлт болып оқуды көздеген «Бір ел – бір кітап» акциясы 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы акция аясында биыл, 2023 жылы жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары таңдалды. Осыған орай аудандық орталық үлгілі кітапханасы «Халқы сүйген қаламгер» атты жазушы шығармаларына арналған аудандық байқау өткізді.
Аталмыш байқау 16 жастан бастап барлық тілек білдірушілерге сәуір айының 1 жұлдызынан екі номинация бойынша жарияланды: «Ақиқаттың ақ берені» (Т.Әбдіктің шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу) және «Парасат майданы» (Т.Әбдіктің шығармаларынан сахналық қойылым көрсету).
Өнегелі оқырмандардың өнеріне баға берген әділқазы алқасының құрамында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің әдіскері Асқарова Майгүл, «Руханият» қосымша білім беру орталығы директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Есіргепова Ақмарал, Ботақара ауылдық орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Құмай Ақан болды.
Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он жетінші мәрте ұйымдастырылуда.
Аудандық мәдениет үйінің үлкен залында ұйымдастырылған бұл шараға ауданымыздың әр өңірінен 30-ға жуық оқырман қатысқан. Атап айтсақ, Ақжар ауылы, Қызылқайың ауылы, Қарақұдық ауылы, Қушоқы кенті, Ростовка ауылы, Ботақара ауылы, Ғ.Мұстафин кенті, Үштөбе ауылы, Шешенқара ауылы, Центральное ауылынан да қатысушылар бой көрсеткен.
Байқау «Шұғыла» би ансамблінің «Қазақ биімен» ашылды. Ортаға қос жүргізуші шығып көрермен қауыммен жүздескен соң, шараға арқау болған жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығына тоқталды, сондай-ақ ұйымдастырылып отырған байқаудың кезеңдері мен шарттарын таныстырып өтті. Сындарлы өнердің сапасын сарапқа салған әділқазы алқасы таныстырылған соң, байқау да басталып кетті.
Шын дарындылар танылып, талаптың тұлпарын мінген өнерлі оқырмандар бәйгесі мәресіне жеткенде әділқазы алқасы өз шешімін шығарғанша кітапхана қызметкерлері «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбымен құрылған кітап-көрмеге шолу жасады.
Әділқазы алқасы нәтижесі де ұзақ күттірмеді. Сонымен, «Үздік қойылым» номинациясын С.Торайғыров атындағы қазақ тірек мектебінің ұстазы Төлеутаева Дамира және Болат Дінмұхаммед иеленді, «Үздік сахналық ұжым» номинациясын Байқадам ауылының оқырмандары иеленді, ІІІ-орын Үштөбе ауылының оқырманы Алпысбай Айзереге бұйырды, ІІ-орынды Қызылқайың ауылынан келген қатысушы Полатбек Оксана мен Қарақұдық ауылынан келген Үрпекова Айжан бөлісті, жүлделі І-орынды Центральное ауылынан келген Чегодаева Нина иеленсе, бас жүлдені Ростовка ауылының оқырманы Манкеева Гауһар қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталмыш шараға арқау болған жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдік қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал.
Жазушы шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар - парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғалады. Оның талантының ерекше екендігіне оның тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен соңғы жазған романдарына дейін жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер Төлен жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлері бойынша кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілдерінен шығып, ел құрметіне бөленді.
Төлен Әбдікұлы – іскер, ізденісі мол қоғам қайраткері. Еліміздің егемендігін бекітіп, тілін, дінін, мәдениетін өркендетуге үлкен қоғамдық үлес қосып, қоғамдық қызметтер атқарып келеді.
А.Ерубаева
Д.Торжановтың суреттерінде: сахналық көрініс; көрермендер; көрме тамашалау сәті; марапаттау сәттері.