taza-kaz

Жылды жақсылықпен бастаймыз


18.01.2020

Қазақстан ұлттық федерациясы, ЮНЕСКО клубтары арасындағы дәстүрлі «Жаңа жылды жақсылықпен баста» акциясы жалғасын табуда. Қаңтар айының 16-сы күні «Руханият» қосымша білім беру орталығының шәкірттері жылдағы үрдіс бойынша қолдарына тәтті-дәмділерін алып, достарымен өнерлерін бөлісуге асықты.

«Руханият» қосымша білім беру орталығының басшысы Бауыржан Ермухамбетов, домбыра, жыр-терме сыныбының ұстазы Дидар Қамиев, қобыз сыныбының ұстазы Айман Оспанова, вокал сыныбының ұстазы Тәттігүл Сағындықова, би сыныбының ұстазы Зарина Өскенбаева, бейнелеу бөлімінің ұстазы Амантай Акишевтің жетекшілігімен 11-ге тарта оқушы Ботақара кентінің кішкентай тұрғындары Ажар Аяпбергенова, Темірлан Бейбіттің үйлеріне барып, өз өнерлерін ортаға салды. Ажар, Темірланмен бірге сурет салып, ән айтып, би билеген оқушылар тез тіл табысып кетті.

Тыл ардагері Нұриден Жүнісов атамыздың шаңырағына құдайы қонақ болып барған өнерлі шәкірттеріміз азын-аулақ сый-сияпаттарын табыстап, ән-жырдан шашу шашты. Адель Кунуспекова, Айзере Абуова, Аяжан Жадыгерова жылдам әрі әсем суреттерін салса, Демир мен Карим Такауов, Диляра Ногуметова, Диляра Сарбаева би билеп, Аңсаған Алқұлов әуезді күй тартты, Аружан Шынарова, Мөлдір Марат әуезді ән орындаса, Аружан Шынарова сағыныш болған қобыздың қоңыр үнін сыйлады.

Игі бастамаға тілекші болып жүрген «Руханият» қосымша білім беру орталығының ұстаздары мен шәкірттеріне Ажар мен Темірланның ата-анасы алғыстарын білдіріп, Нұриден атамыз ақ батасын берді.

 

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?