
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Дарынды жастар додасы
21.12.2019
Желтоқсан айының 14-і күні мәдениет үйінде тәуелсіздік күніне арналған «Дарынды жастар» атты мектеп оқушылары арсында топтық танымдық-патриоттық сайыс өтті.
Мәдениет үйі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыстың мақсаты - оқушылардың өткен тарихымызға деген көзқарастарын қалыптастыру, отанды сүюге және егемен елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш-қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Сайысқа «Сен тұр, мен атайын» деген Көкпекті, Байқадам, Қ.Сәтбаев, Қ.Боранбаев атындағы орта мектебінің оқушыларынан құралған командалар қатысты. Атаулы байқауға сақадай-сай дайын келген қатысушылар алғашқы «Сәлем – сөздің анасы» кезеңін бірден бастап кетті. Әр топ өздерін әртүрлі жанрда таныстырып, эмблема, ұрандарын ұсынды. 5 айналымнан құралған келесі кезеңде оқушылар экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді. 5 ұпаймен бағаланған сұрақ-жауап кезеңінде 40 ұпаймен Қ.Сәтбаев орта мектебінің «Болашақ» тобы алға шықты.
Үшінші кезеңде оқушылар «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында слайд-шоу әзірлеп, тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі жылдарда халқымыздың басынан өткерген атаулы оқиғаларды 5 минутқа сыйғызған тарихи туындыны ұсынды. Көп ішінен Қ.Боранбаев атындағы негізгі мектебінің «Қырандар» тобы дайындаған слайд-шоу жүрегімізге жылулық сыйлап, жоғары ұпайға ие болды.
Ал келесі кезеннің ұпайы тікелей топ басшыларына байланысты болды. 5 минут ішінде тәуесіздік тақырыбында ватман қағазға сурет салған топ басшылары әділқазылар алдында өз туындыларын таныстырды. Бұл кезеңде Көкпекті орта мектебінің «Жалын» тобы өздерін таныта білді. Соңғы, шешуші кезеңде оқушылар патриоттық тақырыпта ән, би орындап, өнерлерін ортаға салды. Өнер додасында Қ.Боранбаев негізгі мектебінің «Қырандар», Байқадам орта мектебінің «Мәңгілік ел» тобы үздік деп танылды.
Тартысты сайыстың барысын бағалап, әділ баға берген әділқазы алқасына аудан жұртшылығының сүйікті әншісі Қазбек Талашев төрелік етсе, аудандық мәдениет үйінің әдістемелік және мәдени сауықтыру шығармашылық бөлімінің жетекшісі Зәуре Төлеубаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анеля Смаилова, жастар ресурстық орталығының маманы Әділхан Сокиров қазылық етіп, төрелігін айтты.
Сайыс қорытындысы бойынша Байқадам орта мектебінің «Мәңгілік ел», Көкпекті орта мектебінің «Жалын» топтары 3-орынға, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің «Болашақ» тобы 2-орынға, Қ.Боранбаев атындағы негізгі мектебінің «Қырандар» тобы 1-орынға ие болды. Сайыста әділқазылар алқасының ұпайынан бөлек «WhatsApp» желісі арқылы дауыс берілу жүргендігін айта кеткіміз келеді.
Сонымен қатар Тарғын Әнуарбеков «Зерек ойыншы», Нұртай Жания «Алғыр ойыншы», Лаура Аристаева «Өнерлі өрен», Диас Жуанышбек «Дарынды жас», Қуаныш Нұрмұханов «Үздік ойыншы» аталымын иеленді.
Танымдық ойын арасында Азамат Амантайұлы мен Жанат Қабыкенов әуезді ән орындап, «Гүлдердің» сұлу қыздары мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сайыс соңында ұйымдастыру алқасы барша қатысушыларға, оқушылардың жетекшілеріне, жанкүйер көрерменге, дыбыс режессерлері Бейбіт Әбілдин мен Дмитрий Плешковқа, экранды түрлі безендірулермен айналысқан кеш жүргізушісі Жоламан Қошжановқа алғыс білдірді.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суреттерінде: “Болашақ”; “Қырандар”; “Мәңгілік ел” топтары ойын сәтінде; марапаттау сәті.