
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Құттықтаймыз! Би әлемінде тағы бір жеңіс
07.12.2019
Тағы да қуанышымыз еселенді. Өткен сенбілік нөмірде «Гүлдердің» жеңісі туралы жазған болатынбыз. Араға бір апта салып тағы бір мәрте бәйгеге түскен биші қыздарымыздың бұл жолы да қоржындары бос қайтпады.
Қараша айының 30-жұлдызында Қарағанды қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «ART START» көпжанрлы республикалық хореографиялық конкурс өтті. Аталмыш байқауда «Гүлдердің» кіші би тобы «Татар» биін билеп, жүлделі екінші орынды иеленді. Үмітіміз ақталды. Қасиетті Бұқар баба есімімен аталатын ауданның аты шықты.
- Біріншіден, ата-аналарға алғысымды айтқым келеді. Балаларға рух беріп, қолдау көрсеткені үшін. Екіншіден, аудандық Мәдениет үйінің басшысы Раушан Әлібекқызына. Қашанда болмасын көмек қолын созып, аудан намысы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Балалар үлкен би тобында өнер көрсетті. Соған қарамастан жеңісті қолдан бермеуге тырысып бақты, -дейді Қымбат Рустумбекова.
Тағы да жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, би әлеміндегі бағындырар белестері мен алар асулары көп болғай демекпіз.
Осындай дарынды шәкірттерді дайындаған Қымбат Рустумбекова мен Бақытгүл Советоваға айтар алғысымыз шексіз. Шынымен де балалармен жұмыс істеу оңайға соқпайды. Біреуі үйдің еркесі, енді біреуі кенжесі дегендей. Әрбірінің тілін тауып, бір арнаға тоғыстыру оңай емес. Бұл әрине -еңбек. Еңбектерің жана берсін!
Жанұзақ Мақышев,
Ботақара кенті