taza-kaz

Үздік атанды


22.04.2025

Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің директоры Қазбек Александрович Талашев Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Астана қаласында өткен мәдениет саласы қызметкерлерінің VIII кезекті съезінде лайықты марапатқа ие болған Қазбек Александрович ауданымыздың мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, ұзақ жылғы еңбегі мен мәдениет саласында жеке үлесі бар азаматтардың бірі. Сол себепті де лайықты марапат өз иесін тапқанына шын жүректен қуаныштымыз.

Өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында өнер сүйер қауымның сүйіктісіне айналып, құрметке лайық азамат ретінде сый-құрметке ие болған Қазбек Талашевті марапатымен құттықтаймыз! Өнегелі еңбегіңіз, қарапайым да парасатты мінезіңізбен өз ісіңіздің үздік маманы саналатын сізге еңбегіңіз жанып, биік жетістік шыңдарына көтеріле беруіңізді тілейміз.

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?