
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Лайықты марапат иелері
26.12.2024
Дәстүрге айналған Жұмабек Ташенев жүлдесіне жерлестеріміз Дариға Рақымқызы Біләлова мен Нұрсұлтан Мейрамұлы Шаменов лайықты деп танылып, үздіктер қатарына енді.
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ташеневтің жүлдесін «Жылдың үздіктерін» анықтаған айтулы іс-шара биылдыққа он алтыншы мәрте өтіп отыр. Дәстүрге айналған бұл іс-шара жыл өткен сайын түрленіп, Арқа жұртшылығына ерекше ынта, леп сыйлауда. Осындай ауқымды іс-шараның артында жерлесіміз Айтбай Жұмағұловтың еңбегі жатқандығын атап өтуіміз керек. Мемлекетіміздің солтүстік бес облысын аман алып қалған тұғырлы тұлға Жұмабек Ташеневтің ерлік істерін насихаттаушылар қатарында Айтбай Жұмағұловтың еңбегі орасан зор.
Жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие мен азаматтық мінез қалыптастырудағы көп жылғы еңбегі мен өңіріміздің руханиятының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін Жұмабек Ахметұлы Ташенев жүлдесін Дариға Рақымқызына Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рахметоллаұлы табыстады. Сонымен қоса марапат иесіне шипажайға жолдама берілді.
Дариға Рақымқызы Доскей ауылында 21 жылға жуық уақыт абыройлы қызмет атқарып отырған, ерекше сый-құрметке ие жан. Қазіргі уақытта Доскей ауылдық кітапханасында қызметкер, мәдени шараларды ұйымдастырушы болып отырған Дариға Біләлованың көп жылдық еңбегі марапатқа әбден лайық.
Тағы бір лайықты марапат иесі Нұрсұлтан Мейрамұлы Шаменов «Жылдың үздік қайраткері» номинациясына ие болды.
Мемлекет пен қоғамның дамуына қайраткерлік пен азаматтық мінез танытып, ерекше үлес қосқаны үшін «Жылдың үздік қайраткері» номинациясын жерлесімізге облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Сайфиддинұлы Кобжанов табыстады.
Нұрсұлтан Мейрамұлы заманына қарай білімді, өзінің алғырлығы, талапшылдылығымен көзге түскен, халықтың мұң-мұқтажын жоқтай алатын, еліне, отанына абыройлы қызмет атқарып отырған азаматтардың бірі.
Марапатқа ие болған қос жерлесімізді шын жүректен құттықтап, елдің қамы, халықтың амандығы жолында атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік, табыстар тілейміз.